Ирандық шахматшы Францияда өткен турнирде жеңімпаз атанды
Нау 11, 2024 19:03 Asia/Almaty
Ирандық гроссмейстер Пуйя Идани Францияда өткен жылдам шахмат турнирінде жеңіске жетті.
Францияның "Cappelle-la Grande Open" жарысының рапид бөлімінде Пуйя Идани 9 ойыннан 8 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
Пуйя Идани осы турнирдің стандартты жарысында бесінші орын алды.
Өткен аптада ирандық гроссмейстер Мұхаммед Амин Табатабаи Ресейдің "Аэрофлот " турнирінде жеңіске жеткен болатын.
Тегтер