Нау 11, 2024 22:30 Asia/Almaty

"Құлау анатомиясы" атты фильмнің әртістері ең үздік бейімделмеген сценарий номинациясында Оскар жүлдесінің иегерлері ретінде Оскардың қызыл кілем рәсіміне Палестина туы салынған киім киіп барды.

Жексенбі күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен 96-шы Оскар жүлдесін табыстау рәсімінде "Мүдделер аймағы" фильмінің режиссері әрі ағылшыннан басқа тілдердегі ең үздік фильм номинациясында Оскар иегері атанған Джонатан Глейзер: "Біздің еврейлігіміз басқыншылар (Израиль) тарапынан ұрланды",-деді.

Сондай-ақ, Оскардың қызыл кілем рәсіміне Голливудтың кейбір жұлдыздары, соның ішінде Билли Айлиш, Ава Дюверней, Марк Руффало мен Рами Юсеф "Газада атысты тоқтату" символы бейнеленген бейдж тағып келді.

"Газада атысты тоқтату" символы бейнеленген бейдж

Рами Юсеф тілшілерге берген сұхбатында Газада бала өлтіруді доғару керегін айтып: "Біз Газада шұғыл түрде атыс тоқтатылып, Палестиналықтар үшін тұрақты бітім, қауіпсіздік, әділет пен бейбітшілік орнауын қалаймыз. Израиль бомбалауын тоқтатқан кезде ғана келіссөз өткізуге болады",-деді.

Айта кету керек, кеше Оскар жүлдесін табыстау рәсімімен бір мезгілде Палестинаны жақтаушылар осы рәсім өткен концерт залының алдына жиналып, Газада бейбітшілік орнатуды талап етіп ұрандатты.  

 

Тегтер