Нау 14, 2024 17:10 Asia/Almaty
  • Instagram-да KHAMENEI.IR-дың жаңа парақшасы жұмыс істей бастады

Instagram-да Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесінің KHAMENEI.IR жаңа парақшасы жұмыс істей бастады.

Биыл 19 бахманда Meta компаниясы 5 млн 100 мыңнан аса жазылманы бар KHAMENEI.IR парақшасын алдын ала ескертусіз бұғаттап тастады.

"Әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері парсы тіліндегі  KHAMENEI.IR парақшасын 100 млн-нан аса адам қарады. 12 жылдың ішінде парақшада 9 мыңнан аса пост жарияланды. Оқырмандардан 18 млн-нан аса коммент алынған болатын.

Халықаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, KHAMENEI.IR парақшасы соңғы айларда Палестина халқын қорғауда ықпалды әрекет ете бастағанына байланысты Instagram кеңсесі сионистік режимнің демеушілерінің саяси қысымдары аясында заңсыз түрде парақшаны жауып тастады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеиге қатысты парақшаларды бұғаттау ол Ислам революциясының түбегейлі принциптеріне сәйкес және соңғы онжылдықтарда кесімді позиция білдіруді жалғастырып, Газа соғысы мен "Әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері барлық баяндамаларында Палестина халқының қарсыласу қозғалысын қолдап, сионистік режимнің қорқынышты қылмыстарын айыптаған жағдайда жалғасып жатыр.

KHAMENEI.IR сайты Meta компаниясына Instagram-ның заңсыз әрекетіне қатысты наразылығын білдірді. Бірақ осы күнге дейін тиісті жауап ала алмады.

Оқырмандар мен қызығушылардың өтініштерін ескере отырып, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және тарату кеңсесі Instagram-да  "Khamenei_irfa" деген атпен  жаңа парақша ашты. KHAMENEI.IR-да бұрын ИИР-дың негізін қалаушы имам Хомейниге (ғ.) қатысты посттар жарияланатын, енді ол Khamenei_irfa парақшасында жұмысын жалғастырады.

Тегтер