АҚШ үкіметі неге Оппенгеймерді жақсы көреді?
Оппенгеймер "Егер атом бомбасы жасалса, тәртіп орнату үшін жасалды. Ешкім АҚШ-тың ниетін теріс түсінбесін!" деп айтқысы келеді. Оппенгеймер шын мәнінде "Жабайылыққа қарсы өркениет" идеясын бейнелейді.
Дж. Роберт Оппенгеймер – Атом бомбасының атасы. Кристофер Нолан оның биографиясын қолданып, "Oppenheimer" атты фильм түсірді. Фильм 2023 жылы экрандалып, "Оскар-2024" жүлде табыстау рәсімінде 13 номинация бойынша 7 жүлде жеңіп алды.
Нолан көздеген дүниесінің бәрін фильмнің басында көрсетіп, фильмнің жалғасында оны егжей-тегжейлі түсіндіруге тырысқан.
Тарих беттері АҚШ-тың кейбір ғылыми жетістіктерді пайдаланып, әлем халықтарына қарсы жасаған қылмыстарына толы. Негізі АҚШ күшке сенеді және тежегіш қуатты да осы мәселеден көреді. Әрине бұл фильмде ғылым АҚШ-тың күш-құдіретін қалыптастыруға қызмет ететіні айқын көрсетілген.
"Оппенгеймер" фильміндегі оқиғаларға үстінен қарағанда америкалық қоғамда қайшылықтың барын айқын көреміз. Бірақ бұл қайшылықтың түрі қандай? Бір саясаткер мен бір ғалымның арасында түбегейлі қайшылық бар. Нолан саясаткерлері бомба тастайтын және ғалымдары бомба жасайтын қоғамды көрсетеді. Америкалық ғалымның азап пен өкінішке толы күндері және саясаткерлердің әлемді басқарудың американдық стратегиясының түрін түсіндіруі көрсетілген. Жеңіс үшін «адамгершілікке жат әрекет» жасау – ащы, бірақ нақты стратегия.
"Оппенгеймер" фильмінде саясаткерлердің билікке ұмтылуда өз қызметін асыра пайдаланғаны жаман екенін көрсетуге талпыныс жасалған. Бірақ атом бомбасының табиғатына және оны жасаушыларға ешкім күдіктенбеуі керек. Өйткені бұл бомба өз уақытында сарбаздардың өмірін сақтап қалады және бұл соғыстың жалғасуына кедергі жасайды! Олардың пікірінше, ғалымдардың алдында маңызды міндет – өнертапқыштық пен прогресс міндеті тұр. Ал саясаткер өз шешімін қабылдауы керек.
Әрине адам өмірінің құнын қалай есептейсіз деп ешкім сұрамайды? Неліктен жылдар өтсе де бұл қайғылы оқиға үшін ешкім кешірім сұрамайды?
Олардың айтуынша, әлемде жаңа тәртіпті қабылдауы керек болған жабайылар бар, бірақ олар қабылдамағандықтан, біз оларды өз орындарына қойдық! Бұл фильмде сіздер де осы жаңа тәртіпті білулеріңіз керек екенін, бұл жаңа тәртіптің моральдық және гуманитарлық негізге емес, есепке негізделгенін қайта-қайта атап өтеді. Оппенгеймер көңіл көтеру саласында өте сәтті болса да, сіздердің көңілдеріңізді көтеру үшін түсірілмеді. Фильмнің күрделілігі соншалық, сыртқы аудитория үшін бұл көңіл көтеруден гөрі бұралаң оқиға болып көрінеді. Бірақ Нолан сіздерді баяндау лабиринтіне кіргізіп, көптеген қақтығыстарға түсіріп, қалыптасқан тәртіпті бұзып, жаңа тәртіп жасай алды.
"Оппенгеймер" фильмі ақырында әлемдік қауымдастықтың барлық сынына жауап ретінде "америкалық бомбалар керек" дегісі келеді! Олар үшін әрқашан сырттан төнген қауіп бар. Өзін-өзі құрған Америка онымен күресуге мәжбүр. Немістер соғыс майданында жеңіліске ұшыраса да, бұл процесс тоқтамады. Тіпті жапон халқына жаппай қырып-жою қаруы ретінде атом бомбасы тасталды. Фильмнің барлық сәтінде атом бомбасы жобасы «ғылыми жетістік» ретінде айтылады. Тағы да осы «қажеттілікке» қарсы Кеңес одағы құрылады. Фильмнің бір бөлігінде Оппенгеймер АҚШ Президентіне: «Мен қолым қанға боялғандай сезінемін» деген. Бұл мәселе әлемді құтқарғысы келетін және бейбітшілік орнатқысы келетін, бірақ есепке негізделген ақылға меңзейді. Сіздерге мынадай жауап беріледі: Атом бомбасы ғылыми құрал болды және АҚШ Президенті оны нағыз соғыста Жапонияға тастады. Бұған ешкім ренжіп, уайымдап жатқан жоқ.
Фильм ақырында бұл қарудың соғыс қаруы ретінде әлем елдерінің қолында болмауы керек деген қорытынды шығарады. Шын мәнінде онда «Енді бізде атом бомбасы бар, басқаларында болмауы керек" деген ой айтылады.
"Оппенгеймер" фильмінде барлығына қауіпті қару бар: Апатты ақтау өнері – күрделі теңеулермен жүздеген мың адамды бір уақытта өлтіруді ақтайтын өнер, адамшылыққа жат қырғынды адамзат пен даму жолында деп есептейтін өнер. Сондықтан дүйсенбі күні таңертең Лос-Анджелесте "Оскар-2024" жүлде табыстау рәсімінде болған оқиға бәрін таңғалдырды.
Бұл мақала "Ватан емруз" газетінен алынды.