Нау 17, 2024 21:58 Asia/Almaty
  • Хади Чупан Ұлыбританияда өткен

"Парсы арланы" атанған Хади Чупан Ұлыбританияда бодибильдерлер арасында өткен "Арнольд Классик" турнирінде жеңіске жетті.

Екі апта бұрын АҚШ-та өткен алғашқы "Арнольд Классик" турнирінде айрықша өнер көрсеткен ирандық бодибильдер Хади Чупан осы жолы Ұлыбританияда бақ сынасып, жеңімпаз атанды.  

Хади Чупан танымал аустриялық-америкалық әртіс Арнольд Шварценеггердің шақыруымен осы турнирге қатысқан болатын.

Хади Чупан бұған дейінгі тарихи жеңісінен кейін "Иран халқы бұдан да зор жеңістерге лайық. Сіздердің қуанғандарыңызға қуаныштымын. Иранның туы әрдайым биіктен көріне берсін" деген болатын.

Тегтер