Сәу 06, 2024 00:04 Asia/Almaty
  • Бір америкалық әскери қызметкер Газа соғысына наразылық ретінде аштық жариялады

АҚШ армиясы әуе күштерінің бір әскери қызметкері әлемдік қауымдастықтың назарын Газа секторындағы халықтың аянышты жағдайына аудару үшін аштық жариялады.

Ларри Хеберт есімді америкалық сарбаз жексенбі күні Ақ үйдің алдында өзінің аштық акциясын бастады.

Испаниядағы әскери қызмет орнын тастап кеткен Ларри Хеберт "Әуе күштерінде қызмет ететін аға сарбаз Газа халқы аштан өліп жатқанда тамақ ішпейді" деп жазылған плакат ұстап шықты.

Бұл әскери қызметкер сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына наразы басқа бір америкалық әскери қызметкер Аарон Бушнеллден үлгі алып  аштық жариялады.

Жас америкалық ұшқыш Аарон Бушнелл 25 ақпанда Газа секторында Палестина халқының сионистік режим қолынан қырылып жатқанына наразылық ретінде Вашингтондағы Израиль елшілігі алдында өзін өртеп жіберген болатын.  

Тегтер