Обама үкіметінің Қорғаныс министрі: Израильдіктер алдымен оқ жаудырып, артынан сұрақ қояды!
https://itolqyn.com/news/world-i76856
АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама үкіметінің Қорғаныс министрі: "Израильдіктердің халықаралық аспазхана орталығының құтқарушыларына қарсы әуе шабуылынан кейін қателескендерін мойындағаны мүлде таңданыс тудырмайды. Өйткені тәжірибе көрсеткендей олар алдымен оқ жаудырып, артынан сұрақ қояды!"-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 07, 2024 16:26 Asia/Almaty
  • Обама үкіметінің Қорғаныс министрі: Израильдіктер алдымен оқ жаудырып, артынан сұрақ қояды!

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама үкіметінің Қорғаныс министрі: "Израильдіктердің халықаралық аспазхана орталығының құтқарушыларына қарсы әуе шабуылынан кейін қателескендерін мойындағаны мүлде таңданыс тудырмайды. Өйткені тәжірибе көрсеткендей олар алдымен оқ жаудырып, артынан сұрақ қояды!"-деді.

Барак Обама үкіметінің Қорғаныс министрі әрі ОББ-ның бұрынғы басшысы Леон Панетта CNN  телеарнасына берген сұхбатында: "Келіп түскен ақпараттың шындыққа сәйкес келетінін анықтау үшін уақыт керек. Бірақ бұл израильдіктерге қатысты қолданылмайды. Өз тәжірибем бойынша олар алдымен оқ жаудырып, артынан сұрақ қояды",-деді.

Обама үкіметі Қорғаныс министрінің сөздері сионистік режимнің Газадағы халықаралық аспазхана орталығының құтқарушыларына қарсы  жасаған әуе шабуылынан кейін айтылды. Бұл шабуылда 7 құтқарушы қаза тапты.