Сәу 07, 2024 18:03 Asia/Almaty
  • Германияның Кельн университеті америкалық философты Израильді сынағаны үшін шақырудан бас тартты

Солшыл феминистік теоретик әрі философ Нэнси Фрейзер Кельн университетінің Альбертус Магнус профессорлығына шақырылған болатын. Бірақ Палестинаны қолдағаны үшін университет басшылығы оны шақырудан бас тартты.

Сионистердің Газадағы қылмыстары әлемнің түкпір-түкпіріндегі танымал тұлғалар, соның ішінде  Нэнси Фрейзердің наразылығын тудырған болатын.

Нэнси Фрейзер – марксистік және сыни теорияны феминизммен байланыстыратын ең танымал философтардың бірі.  

2023 жылғы 7 қазаннан кейін Германияның ғылыми ортасында сөз бостандығы күрт төмендеп кетті. Бұған дейін де Германия мен оның академиялық ортасында Израиль режимін сынау және оған байкот жариялауға тыйым салынған болатын.

Соңғы мәліметтер бойынша, сионистік режимнің Газаға шабуылдарында осы күнге дейін 33 мың палестиналық қаза тауып, 75 мыңнан аса адам жараланды.

Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Ұлыбританияның жобалауымен түрлі елдердегі еврейлерді Палестина жеріне көшіру арқылы қаланды. 1948 жылы Израиль мемлекеті жарияланды. Осы кезден бастап палестиналықтарды қырып-жойып, жерлерін тартып алуға бағытталған түрлі жобалар орындалды.

Тегтер