Maм 04, 2024 01:08 Asia/Almaty
  • Батыстағы қару-жарақ жасаушылар Украина соғысының жалғасуын қолдайды

"Х" желісінің қолданушыларының АҚШ Конгресінің жаңа шарасына реакцияларын талдау

"Х" әлеуметтік желісінің бір қолданушысы АҚШ-ты әлемдегі тынышсыздықтардың басты себебі деп атап: "АҚШ, НАТО мен Еуроодақ – Ирак, Ауғанстан, Сирия; Ливия және басқа елдердегі тынышсыздықтардың себепшісі. Қазіргі таңда Украина мен Израильге өте көп қару жіберіп жатыр",-деп жазды.

АҚШ Конгресі америкалық салық төлеушілердің есебінен Украина мен Израильге бірнеше миллиард доллар тұратын әскери көмек беру туралы жаңа қаулыны бекіткеннен кейін "Х" әлеуметтік желісін қолданушылардың осы мәселе мен Украина соғысына қатысты пікірлеріне шолу жасадық.

  1. АҚШ Конгресінің ақылсыздығы

Ирандық сарапшы Масуд Барати "Х" әлеуметтік желісінде АҚШ-тың Украинаға бірнеше миллиард доллар тұратын әскери көмек беру туралы қаулысына реакциясында: "АҚШ Конгресі дұшпанға қарсы тұрып, одақтастарына көмектесу үшін  бұл қаулыда қолындағы барын жазды",-деп жазды.

H.R.815 қаулысында Иран, Қытай және Ресейге қарсы күресу және Украина мен сионистік режимге қолдау көрсету мәселесі қамтылған. Байден қаулыға қол қойды. Бұл заңның салдары әлемдік жүйені реттеуде өте маңызды.

Масуд Баратидың твиті
  1. АҚШ пен НАТО – бейбітшілік дұшпандары

"Х" әлеуметтік желісін қолданушы Мехди Этезади өз твитінде АҚШ пен НАТО-ның Украинаны қолдауын бейбітшілікті бұзу үшін жасалып отырған әрекет деп атап: "Байден мен НАТО-ның Украинада соғысты өршітіп отырғаны – олардың бейбітшілікке қарсы екенінің шынайы дәлелі. Ресей өз қауіпсіздігін барынша жұмсақ қорғады. НАТО-ның Еуропадағы агрессивті құрылымы осы құрлықтағы барлық елдердің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне қауіп төндіріп отыр",-деп жазды.

Мехди Этезадидың твиті
  1. Америкалық бизнесмендер Украинаға қару жіберуден пайда көреді

"Х" әлеуметтік желісінің пуштун тілді қолданушысы Андехман Зазаи АҚШ-та қару жасайтын компаниялардың табысына жанама тоқталып өтіп: "Сендердің ойларыңызша, әлемде соғысты кім өршітіп отыр? Бұл соғыстардан кім пайда табады? Кім зарар көреді? АҚШ Конгресі әлемде қақтығыстарды жалғастыру үшін 99 млрд доллар бөлді. Бұл бюджеттен 61 млрд доллар Украинаға, 29 млрд доллар Израильге, 9 млрд доллар Тайваньға әскери көмек беру үшін бөлінді",-деп жазды.

 Андехман Зазаидың твиті
  1. Украина соғысы АҚШ халқы мен экономикасына қысым жасап жатыр.

"Х" әлеуметтік желісінің тағы бір қолданушысы твит жариялап, АҚШ-тың Украина соғысына араласуының осы ел халқы мен экономикасына қысым жасап жатқанын айтып: "АҚШ халқында Украина мен Израильге қатысты айрықша жауластық қалыптасты. Мұның тамыры АҚШ-тың экономикалық жағдайында жатыр! АҚШ-та бұрын-соңғы болмаған инфляция мен экономикалық қысым  болып жатыр. АҚШ халқы өздері қиналып төлеп жатқан салықтың миллиардтап Украина мен Израильге жұмсалып жатқанын көріп отыр. Бұл жайт Байденге деген жиіркенішті арттырып жатыр",-деп жазды.

Украина соғысының АҚШ халқы мен экономикасына қысым жасап жатқаны туралы твит
  1. Шектеулі ресурстарға қарамастан қарсыласу өзегі жоғары күш-қуатқа ие.

"Х" әлеуметтік желісінің тағы бір қолданушысы ирандық ханым Сабери қарсыласу өзегінің жоғары күш-қуатын мадақтап: "Ливанның Хизбулласы, Йеменнің Ансаролласы мен Ирактың "Хашд аш-Шааби" тобы АҚШ-тың Украинаға қаржылай қолдауының мыңнан біріне ғана ие, бірақ олардың қанжарларының сабы дұшпан жүрегіне бір-ақ кірді. Егер оларға осындай қаржылай қолдау көрсетілсе, қазір АҚШ пен Израильден ештеңе қалмас еді!"-деп жазды.

Ирандық ханымның қарсыласу өзегінің жоғары күш-қуаты туралы твиті

 

  1. АҚШ Украинада соғысты жалғастыру үшін Еуропа пен НАТО-ның қаржы ресурсын теріс пайдаланып жатыр.

"Х" әлеуметтік желісінің тағы бір қолданушысы Бижан Сохраби өз твитінде АҚШ-ты Украина соғысында Еуропа пен НАТО-ны теріс пайдаланып жатыр деп айыптап: "АҚШ НАТО құрамындағы Еуропа есебінен Ресей мен Қытайды бақылауға алғысы келеді. Бірақ Еуропа немесе НАТО-ға мүше елдердің көбінде бұлай қолдануға экономикалық қуат жоқ. Олар қазіргі таңда өздерін Ресейдің үлкен базарынан мақрұм қалдырған, Ресейдің газын толық пайдалана алмай отыр. Украина соғысының аяқталар уақыты белгісіз",-деді.

Бижан Сохрабидың твиті
  1. Батыс елдерінің Украинаға көмегі нәтижесіз болып отыр.

"Х" әлеуметтік желісінің орыс тілді тағы бір қолданушысы Даниил Грибов Украина соғысын осы елдің халқы үшін нәтижесіз деп атап: "Екі жылдық соғыс барысында Батыс елдері Украинаға шамамен 250 млрд еуро берді. Осы ақшаның төрттен үшін бұрын бөлген. Нәтиже қайда, Украина? Жоқ. Сондықтан бұл көмек жуырда тоқтайды!"-деп жазды.

Ресейлік қолданушының твиті
  1. Украина – Батыс елдерінің Ресейге жауластығының құрбаны

"Х" әлеуметтік желісінің орыс тілді тағы бір қолданушысы басқа бір қолданушының Батыс елдерінің Украинамен қатынасы туралы твитіне жауабында: "Сен АҚШ жарнамасының құрбанысың. Ресейліктер көрсетіп жатқан нәрселердің бәрі – Батыс елдерінің 20 жылдан аса уақыт бұрын Украинаға берген нәрселері. Ресей емес, Украина мен Батыс елдері көп нәрседен айырылды",-деп жазды.

Ресейлік қолданушының твиті
  1. Батыс елдері Украинада соғыстың жалғаса беруін қалайды.

"Х" әлеуметтік желісінің тағы бір қолданушысы Екатерина Юдина Батыс елдерінің Украина соғысын жалғастыруды қалайтынын айтып: "Ешкім тыңдамайды, өйткені Батыс та, Украина да қайшылықты шешкісі келмейді",-деп жазды.

Екатерина Юдинаның твиті
  1. Ресейдің Батыс елдерінен қорғану қуаты жоғары

"Х" әлеуметтік желісінің орыс тілді тағы бір қолданушысы Ресейдің Батыс елдерінен қорғану қуатын жоғары деп бағалап: "Ресей бір соққыға он соққымен жауап береді. Украина мен АҚШ сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс табады",-деп жазды. "IL Fatto Quotidian" атты италиялық газет: "АҚШ тағы бір рет Украинаға қаржылай көмек бөлді. Бұл Ресеймен мәнсіз қақтығысты одан ары ұзарта түседі. Батыс осы текетіресте жеңіліс табатыны анық",-деп жазды.    

Орыс тілді тағы бір қолданушының твиті
  1. АҚШ – әлемдегі тынышсыздықтардың басты себепшісі.

"Х" әлеуметтік желісінің тағы бір қолданушысы АҚШ-ты әлемдегі тынышсыздықтардың басты себепшісі деп атап: "Бұл Батыс елдерінің қаншалықты ақымақ екенін көрсетеді! АҚШ, НАТО мен  Еуроодақ Ирак, Ауғанстан, Сирия, Ливия және Югославиядағы тынышсыздықтардың артында тұр. Қазіргі таңда Украина мен Израильге өте көп қару жіберіп жатыр. Олар қазір Қытайды Ресейге көмектеседі деп сынайды. Бұл Батыста қандай психологиялық жағдай қалыптасқанын көрсетеді",-деп жазды.

Әлеуметтік желі қолданушысының твиті

 

Тегтер