Шәһид Раисидің жерлеу рәсімі аймақтық ақпарат құралдарында жарияланды
(last modified Fri, 24 May 2024 16:05:38 GMT )
Maм 24, 2024 22:05 Asia/Almaty
  • Шәһид Раисидің жерлеу рәсімі аймақтық ақпарат құралдарында жарияланды

Сионистер жеңілгендерін мойындады. Батыс Азиядағы ең маңызды өзгерістер.

Араб ақпарат құралдарында шәһид болған Иран президенті аятолла Раисидің жаназасын шығару мен жерлеу рәсімі туралы кеңінен ақпарат берілуі, Бахрейннің Иранмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге ниетін білдіруі, сионистік режимнің билігі мен ақпарат құралдарының осы режимнің Палестина исламдық қарсыласуынан жеңілгенін мойындауы, қарсыласу майданының Газа секторындағы Израиль қылмыстарына зымырандық және ұшқышсыз ұшақтармен жауап беруі өткен сағаттарда Батыс Азияда болған маңызды өзгерістер болды.

Аймақтың ақпарат құралдары бейсенбі күні Мешхедте Иран Президенті шәһид Ибрахим Раисидің жаназасын шығару рәсімін тікелей эфирде көрсетті.

Ливанның Al-Minar арнасы жаназа шығару рәсімі жайлы ақпарат таратып: "Миллиондаған ирандық Иранның әртүрлі аудандарынан елдің қаза тапқан басшысына құрмет білдіріп, оның жаназасына қатысу үшін Мешхед қаласына жиналды",-деді.

Бұл арна шәһид Раисиді сипаттай келіп: "Ол халықтың қызметшісі, шәһид президент, діни ғұлама әрі тақуа болды. Ислам әлемінде оның орны бос болатыны анық",-деп жазды.

Ливанның "Әл-Аһд" ақпарат сайты "Мешхедтегі шәһид Раисидің жаназасына миллиондаған адам қатысты" деген атаумен қоштасу рәсімін өзінің бірінші бетінде тікелей эфирде көрсетті.

Сирияның ақпарат агенттігі шәһид Ибрахим Раисидің жаназасын шығару рәсімі туралы хабарлап, миллиондаған ирандықтың қатысуымен Раисидің мәңгілік сапарға аттанғанын айтты.  

Бахрейн патшасы: Иранмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруді кейінге қалдыруға негіз жоқ

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Мәскеуде Бахрейн мен Иран арасындағы қайшылықтарды шешу керегіне тоқталып, Теһранмен қарым-қатынасты жандандыруды қолдайтынын білдірді.

Бахрейн патшасы Хамд бен Иса Але Халифа Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінде Бахрейннің Иранмен қарым-қатынасты қалыптандыруды қалайтынын айтып: "Мұны кейінге қалдыруға негіз жоқ",-деді.

Сионистік режимнің бұрынғы әскери шенеунігінің мойындауы: Армия ХАМАС-ты жеңе алмайды

Mehr ақпарат агенттігінің Газадағы өзгерістер туралы хабарлауынша, сионистік режим армиясындағы арыздар бөлімінің бұрынғы қызметкері генерал-майор Исхақ Брик: "Режим армиясы Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-ты жеңе алмайды",-деп мойындады.

Сионистік режимнің "Вала" сайтының хабарлауынша, бұл режимнің қауіпсіздік басшылары мен келіссөз тобы бір кездесуде: "Қозғалыстың соңғы ұсынысы қайта қаралып, көбірек жеңілдіктер берілсе де, олар ХАМАС-пен кез келген жағдайда келісімге келуі керек",-деп мойындады.

Сионистік режимнің Соғыс кабинетінің мүшесі Бени Ганц бейсенбі күні кешке 7 қазанда "әл-Ақса дауылы" операциясы кезіндегі жеңілісті тексеру комитетін құруды талап етті.

Ирактың қарсыласу күштері басып алынған Палестинадағы Эйлат пен Хайфа айлақтарына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың исламдық қарсыласу күштері жұма күні таңертең Израильдің Газадағы қылмыстарына жауап ретінде Эйлат пен Хайфа айлақтарына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасағанын хабарлады.

Ирактың қарсыласу күштері: "Қарсыласу күштерінің басқыншы режимге қарсы амалдарының екінші кезеңін толықтыру мақсатында және Газа халқына қолдау ретінде ирактық мұджахедтер жұма күні таңертең Хайфа айлағын ұшқышсыз ұшақпен нысанаға алды",-деді.

Ирактың қарсыласу күштері бейсенбі күні түнде сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына жауап ретінде Эйлат айлағындағы бір маңызды объектіге 2 ұшқышсыз ұшақ атты.

Ливан Хизбулласы бейсенбі күні түнде: "Басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі Ярон қалашығында сионистік режимнің әскерилері шоғырланған жерді зымыранмен нысанаға алдық",-деп хабарлады.