X қолданушыларының твиттеріне шолу: Өлім мен жойылу - Ливияның Батысқа сенімділігінің нәтижесі
(last modified Tue, 11 Jun 2024 13:11:24 GMT )
Маусым 11, 2024 19:11 Asia/Almaty
  • X қолданушыларының твиттеріне шолу: Өлім мен жойылу - Ливияның Батысқа сенімділігінің нәтижесі

Ливия АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінің араласуымен Муаммар Каддафи үкіметін құлатуға әкелген осы ел халқының 2011 жылғы революциясынан бері зорлық-зомбылық пен саяси тұрақсыздыққа ұшырады.

Parstoday мақаласында осы тақырыпқа қатысты таңдалған 9 твитті ұсынамыз:

 

Неліктен Ливия халқы Батысты жек көреді?

X әлеуметтік желісінің қолданушысы "Кевин Скотт" твиттерінде Ливия халқының Батысқа деген өшпенділігі мен сенімсіздігінің себептеріне тоқталды.

Ол бұдан бұрын былай деп жазған:

«Батыстың сұмдық интервенциясынан он жылдан астам уақыттан кейін Ливия саяси тұрақсыздық пен бөлінумен күресуін жалғастыруда. Бұл аймақта Батыс пен оның қуыршақтарына сенімсіздік танытып, жек көретіні таңқаларлық емес.

 Ливия халқының Батысты жек көруінің себептері туралы Кевин Скотттың твиті

 

Ливиядағы Батыс сценарийі

Саяси сарапшы және X әлеуметтік желі қолданушысы Кудзай Мутиси твитінде Батыстың Ливиядағы қуыршақтарын пайдаланып жатқан сценарийін атап өтті:

«Ливиядағы батыс қуыршақтары Каддафиді тақтан тайдыру үшін НАТО араласуын талап етті. Бұл сценарий бүкіл Африкада қайталанады: олар африкалық елге бойкот жариялау немесе бомбалауды ақтау үшін батыстық қуыршақтарды пайдаланады. Қазір Каддафи кеткен соң, «бұл үлкен қателік болды» дейді.

Кудзай Мутисидің Ливиядағы Батыс сценарийі туралы твиті

 

Батыстың араласуынан кейін Ливияда құл базарлары таралды

Сыни твитінде X әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Sudan HODL  Батыстың араласуынан кейін Ливиядағы құл нарықтарының таралуын еске салғанына тоқталып:

«Ливияның қазір демократиясы сонша, оларда тіпті ашық ауада құл базарлары бар. Батыстың Африкаға араласуы бізге әрқашан көбірек еркіндік пен өркендеу әкеледі!!»- деп жазды.

Қолданушының Батыстың араласуынан кейін Ливияда құл базарларының таралуы туралы твиті

 

Ливияда мыңдаған бейбіт тұрғындар өлді

Эндрю Брофи әлеуметтік желісінің X қолданушысы твитінде Батыстың Ливияға араласуын осы елдегі мыңдаған бейбіт тұрғындардың өліміне себеп деп атады. Ол:

«Егер сіз адам мен климаттың апатты әрекеттесуін іздесеңіз, Ливияға қараңыз. Батыстың ондағы ақылсыз араласуы мыңдаған жазықсыз бейбіт тұрғындардың өліміне тікелей әкелді. Ұят және аландаушылық тудыратын жәйіт»,- деп жазды.

Андре Брофидің Ливияда мыңдаған адам өлтірілгені туралы твиті

 

Ливия Батыстың араласуымен алға жылжымады

Ivan_8848 пайдаланушы аты бар X әлеуметтік желінің белсендісі твитінде Ливия мен Батыс араласқан елдерде ілгерілеушіліктің жоқтығына назар аударды. Оның айтуынша,

«енді Ливияға қараңызшы, батыстың интервенциясынан кейін ілгерілеген бірде-бір ел жоқ, тіпті бірде-бір ел жоқ».

Ivan_8848-ның Ливияның неліктен дамымай жатқаны туралы твиті

 

Батыс ақпарат құралдарының жалған әңгімелерінен сақ болу қажет

Тарихшы, X әлеуметтік желісінің қолданушысы Карим Вафа-Әл Хусейни өзінің твиттерінде Батыс ақпарат құралдарының Ливиядағы оқиғаларды баяндауына қарсы қырағы болу керектігін атап өтті.

«Бұл қалай болды деп ойлаймын. Мүмкін Батыстың әскери араласуынан болар? Ливия НАТО араласуының апатты салдарының тағы бір мысалы емес пе? Империализм деген кім? Бұған себеп болған әңгімелерді құрудағы жаңалықтардың рөлін назардан тыс қалдырмайық».

Карим Вафа әл-Хусейнидің Батыс БАҚ-тың жалған әңгімелерінен сақ болу керектігі туралы твиті

 

Өлім және жойылу - Батыс державаларының Ливияға араласуының нәтижесі

Саяси белсенді және X әлеуметтік желі қолданушысы Хусейн Муслим соңғы 12 жылда Батыс державаларының Ливияға араласуын осы елдегі өлім мен қираудың себебі деп санайды.

«2011 жылы АҚШ пен Еуроодақ Ливияны өртеп жіберді. Бүгінде олардың қазіргі апаты қалпына келтіру мүмкіндігі болып табылады. Олар қазір гуманитарлық көмекті жұмылдыруда. Бірақ соңғы 12 жылда Батыс державаларының Ливияға араласуы өлім мен күйреуге әкелді».

Хусейн Муслимнің Батыстың Ливияға араласуының нәтижелері туралы твиті

 

Батыс Қара құрлық туралы өтірік айтады

T'challa.eth есімді X әлеуметтік желі қолданушысы твитінде Батыстың Африка елдері, соның ішінде Ливия туралы өтірігін талдаған. Ол:

«Тек дауыстап ойлананамын. Батыс Африкаға біздің өсіп-өркендеуімізге көмектесу үшін көмек жібереміз деп уәжденеді. Бір адам олардың ұрлығының ауқымы туралы айтуы керек. Бірақ батыстықтар көмекті өз әрекеттерін жасыру үшін пайдаланады. Оңтүстік Судан, Конго, Ливияға қараңдар. Барлығы батыстың Африка саясатына араласуының нәтижесі",- деп жазды.

Ливиядағы Батыстың өтірігі туралы қолданушының твиті

 

Америка әлемнің тыныштығы мен тұрақтылығына басқа елдерге қарағанда көбірек зиянын тигізді

Engr. Prince  атты X әлеуметтік желі қолданушысы Американы әлемнің тыныштығы мен тұрақтылығына басқа елдерге қарағанда көбірек зиян келтірген ел ретінде таныстырды. Ол былай деп жазды:

"Америка мен оның одақтастары Африка мәселелерінен аулақ болуы керек. Африка өз дағдарыстарын Батыстың араласуынсыз шешуге әбден жетілген. Біз Американың Ливияда, Сирияда, Иракта, Суданда және қазір Украинада не істегенін көрдік. Америка жер бетіндегі кез келген елден гөрі әлемнің тыныштығы мен тұрақтылығына зиянын тигізді".

Американың әлем тыныштығына шабуылы туралы қолданушының твиті