Си Цзиньпин: Қытай Тайван мәселесінде Американың тұзағына түспейді
Pars Today: Қытай президенті АҚШ-тың Тайваньға Қытайды адастырғысы келетінін айтып: «Бейжің бұл тұзаққа түспейді",- деді.
Бірнеше ондаған жылдар бойы Америка Тайваньға қатысты стратегиялық түсініксіздік саясатын ұстанды.
Pars Today агенттігінің Financial Times газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қытай төрағасы Си Цзиньпин бұл ескертуді өткен жылдың сәуір айында Еуропалық комиссия төрағасы Урсула ван дер Лейенмен кездесуінде айтқан.
Financial Times газетіне хабарланған дереккөз Си бұл ескерту туралы сол кезде елінің шенеуніктерін хабардар еткенін, бірақ ол алғаш рет Еуропалық комиссия басшысымен кездесуі кезінде пікірімен бөліскенін айтты. Кездесумен бір уақытта жарияланған баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, Си Урсула ван дер Лейенмен кездесуінде Тайвань Қытайдың мүдделерінің орталығында екенін баса айтты. Ол: "Кімде-кім Қытайдан Тайваньға ымыраға келіп, кері шегінеді деп ойласа, бос армандағаны",- деді.
Financial Times газетінің жазуынша, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің АҚШ-қа қарсы көтерілмегені туралы ескертті. Дәл осы контексте Лондондағы King's College жанындағы Қытай институтының директоры Керри Браун Business Insider-ке берген сұхбатында: "Си Цзиньпиннің ескертуі Қытайдың АҚШ-тың соңғы кездегі агрессивті көзқарасына шынымен таңданғанын екенін көрсетеді".- деді.