Маусым 23, 2024 17:04 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда миллиондаған жалған таблеткаларды сату / цифрлық валюталармен ақшаны жылыстату

Британ полициясы бұл елде күшті тыныштандыратын дәрі болып табылатын жалған «Xanax» таблеткаларын сататын желіні ұстағанын хабарлады.

 

Британдық полиция сегіз адамнан тұратын осы желінің мүшелері бірнеше қойма мен бақшада миллиондаған жалған «Xanax»  таблеткаларын шығарғанын хабарлады.

Pars Today мәліметінше, бұл желінің мүшелері сағат сайын 10 000 таблетка өндіріп, оларды Англия мен АҚШ-тың түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларға жіберген.

Британ полициясының мәліметі бойынша, жиырма тоғыз жастағы Брайан Питтс пен жиырма алты жастағы Кэти Харлоу, осы желінің мүшелері Тайландтағы сәнді виллада осы жалған таблеткаларды онлайн маркетинг пен сатуды ұйымдастырған. Олар осы топтың көшбасшылары болуы керек деген күдік бар.

Британ полициясы бұл желінің төрт миллион фунт стерлингтен астам жалған таблеткалар сатқанын айтып: «Бұл желінің мүшелері бес жылдық халықаралық тергеуден кейін жауапқа тартылып, сәрсенбі күні осы желінің екі мүшесі сотқа тартылды»,- деп жариялады. Сот барысында бұл жалған таблеткаларды сатудан түскен қаражат сандық валюталармен, негізінен биткоинмен жылыстатылғаны белгілі болды.

Xanax - алаңдаушылық пен дүрбелең шабуылдарын емдеу үшін қолданылатын күшті седативті, бірақ оны рецепт бойынша сатып алуға болмайды.

Бұл жалған таблеткалардың кейбірі басқа елдерге экспортталып, сатылған делінеді.

Британ полициясы бірнеше жылдан бері жалған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп келе жатқан бұл желінің қызметі туралы әзірге толық мәлімет бермеді.