Маусым 23, 2024 22:38 Asia/Almaty
  • Вашингтонның Корея және Жапониямен қауіпсіздік ойыны қайда апарады?

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Сеул-Токио-Вашингтон арасында қауіпсіздік саласындағы әріптестікті арттыру туралы келісімге қол қойылғанын хабарлады.

Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі осы елдің Жапония және АҚШ-пен қауіпсіздік саласындағы әріптестікті арттыру себебін Ресей мен Солтүстік Корея арасында қол қойылған жаңа қауіпсіздік хаттамасы деп жариялады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Корея сондай-ақ биыл жазда "Еркіндік шеті" атты жаңа әскери жаттығу өткізбек.

АҚШ соңғы жылдарда көптеген айыптаулар арқылы Солтүстік Кореяны Шығыс Азияға қауіп деп таныстыруға тырысты. Ал Солтүстік Корея АҚШ пен оның одақтастарын аймақтағы шиеленістің артуына басты себепкер деп санайды.

Бұған дейін Қытай орталық әскери комиссиясындағы біріккен штаб бастығының орынбасары АҚШ-ты аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін ең үлкен түйткіл деп атап, былай деді:

Вашингтон аймақтағы гегемониясын сақтау үшін Азия-Тынық мұхиты аймағында Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) нұсқасын құруға ұмтылуда.

Тегтер