Там 15, 2024 00:17 Asia/Almaty

"Ұлы жібек жолы" халықаралық раллиіне қатысушылар бес күн бойы Иранның 10 облысын басып өтіп, Түркіменстанға кетті.

"Ұлы жібек жолы" халықаралық раллиі 1403 жылы 16 мордадта ресми түрде Түркияның Стамбұл қаласында басталып, 18 мордадта Базарган шекаралық бақылау-өткізу пункті арқылы Иранға кіріп, Баджгиран бекеті арқылы Иран жерінен шығып кетті.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Ұлы жібек жолы" халықаралық раллиіне қатысушылар Иранның Батыс Әзірбайжан, Шығыс Әзірбайжан, Занджан, Қазвин, Альборз, Теһран, Мазандеран, Гүлістан, Солтүстік Хорасан және Хорасан-е Разави облыстарынан өтіп, осы өңірлердің табиғи, тарихи, мәдени және туристік тартымдылықтарымен танысты.

Раллиге Франция, Италия, Бельгия, Түркия мен Германиядан жиналған 23 адам 10 классикалық көлікпен қатысып жатыр.

Ираннан шыққан раллишілер Түркіменстан, Өзбекстан пен Қырғызстанды басып өтіп, Моңғолияның Орхон қаласында өз саяхатын аяқтайды.

 

Тегтер