Қыр 15, 2024 16:39 Asia/Almaty
  • Конго үш американдықты өлім жазасына кесті

Жұма күні Конго Демократиялық Республикасының соты осы елдегі сәтсіз төңкеріске қатысқаны үшін 3 америкалық азаматты өлім жазасына кесті.

 

Американың 3 азаматы Конго Демократиялық Республикасында сәтсіз төңкеріске қатысқаны үшін өлім жазасына кесілді. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, бұл 3 американдық азамат Америкада тұратын Конголық саясаткер Кристиан Маланга бастаған сәтсіз төңкеріске қатысты деп айыпталған.

Конго әскери сотының басшысы Фади Ахом іс бойынша айыпталушылардың сот отырысынан кейін: «Сот бұл адамдарға қатаң жаза қарастырды»,-деді.

Осы 3 америкалық азаматтан басқа бұл әскери сот тағы 35 адамды сәтсіз төңкеріске қатысқаны үшін өлім жазасына кесті.

Осы жылдың мамыр айының соңында Конго Демократиялық Республикасында сәтсіз төңкеріс болды.

Конго Демократиялық Республикасының армиясы 30 мамырда бұл елдегі төңкерістің сәтсіз аяқталғанын жариялаған мәлімдемеде төңкеріс жасаушылардың барлығының ұсталғанын жариялады.

Бұған дейін америкалық журналист Конгоның шығысындағы қарулы бүлікші топтармен ынтымақтасады деген айыппен қамауға алынған болатын.

Соңғы айларда Конго Демократиялық Республикасында отаршылдыққа қарсы, әсіресе Франция мен Америка Құрама Штаттарына қарсы наразылықтар болды.

Тегтер