Рухани Иранның грек-рим күресінен ұлттық командасын жеңімпаз атануымен құттықтады
ИИР Президенті Иран командасын грек-рим күресінен әлем біріншілігінде айбынмен жеңіске жеткенімен құттықтады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани жұма күні кешке жіберген жолдауында Иранның грек-рим күресінің спортшыларын Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында өткен 2016 жылғы грек-рим күресінен әлем біріншілігінде жеңіске жетуімен құттықтап: «2016 жылғы грек-рим күресінен әлем біріншілігіндегі абыройлы жеңіс Иран туының тағы бір рет желбіреуіне себеп болды»,-деп жазды.
Сондай-ақ, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі де бөлек жолдау жіберіп, Иранның күрестен ұлттық қомандасын жеңіспен құттықтады.
Иранның ұлттық командасы грек-рим күресінен әлем біріншілігінің ақтық сынында Ресейдің ұлттық командасымен сайысып, 8:0 есебімен басым түсіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Түркияның ұлттық командасы Қазақстан күресшілер командасын жеңіп, осы жарыста үшінші орынға тұрақтады.