Израиль өнімдеріне бойкот жариялау туралы талаптар ұлғаюда
(last modified Sun, 22 May 2016 11:52:21 GMT )
Maм 22, 2016 17:52 Asia/Almaty
  • Израиль өнімдеріне бойкот жариялау туралы талаптар ұлғаюда

Бүкіл Еуропа құрлығынан 350- ден астам топ Еуропа Одағының мүшелерінен адам құқығын бұзу фактілеріне қатысты Израильді кінәлы деп атап, израильдік өнімдерге бойкот жариялау үшін әлемдік науқанға қосылуды сұрады.

Соңғы жылдары Палестина халқына халықаралық қолдаудың ауқымы кеңейе түскен. Осы тақырып сионистік режимнің заңсыз және жексұрын режим ретінде танылып, халықаралық айдында ешкім оны мойындамайтынын аңғартады.

Осы негізде «Некбаттің» (сионистік режимнің негізі қаланған бақытсыздық жылы) 66-шы жылдығының жетуімен орайлас Португалия парламенті көпшілік дауыспен Палестина халқына үн қосу және жаулап алынған жерлерде олардың негізгі құқықтарының бұзылуын айыптау жобасының алғашқы нұсқасына дауыс берді.

Қазірге дейін әлемнің көптеген елдері (135 елден астам), соның ішінде еуропалық елдердің көбісі, соның ішінде Швеция, Ұлыбритания, Ирландия, Испания және Франция парламенттері палестиналық тәуелсіз мемлекет құруды ресми деп таныған.

Әлемнің түрлі елдерінде, атап айтқанда еуропалық парламенттерде палестиналық тәуелсіз мемлекет құру тақырыбын ресми деп тануды жариялауға жасалған шаралар палестиналық қайраткерлердің әлемдік қауымдастықтан палестиналық тәуелсіз мемлекетті ресми деп танумен осы елдің халықаралық деңгейде ресми деп танылуына жол ашуды сұрауына берген жауабы болып табылады.

Сионистік режимнің басқыншылығын тоқтату, бұл жөнінде уақыт кестесін белгілеу және палестиналық тәуелсіз мемлекет құру тақырыбы әлемдік жаппай қолдауға ие тақырыптарға жатады.

Халықаралық өзгерістер сионистік режимнің бұрынғыдан көбірек жексұрын болып отырғанын және қоғамдық пікірдің түрлі тәсілдермен сионистік қылмыскер режимге деген жиіркеніш сезімін көрсетіп отырғанын аңғартады.

Еуропалық елдердің жоғары оқу орындары мен мәдени орталықтарының сионистік режимге бойкот жариялау үдерісі ұлғайып, соңғы айларда Еуропалық Одақ тарапынан осы басқыншы режимнің сионистер қоныстанған қалашықтарда жасалған тауарларына бойкот жариялағанына куә болып отырмыз.

Сионистік режимнің Палестинаның жәбірленген халқына қарсы жабайы шараларына қатысты қоғамдық пікірдің біліктілігінің күн санап артуымен Израиль саясатына деген қарсылық легі өсіп жатыр. Сондықтан әлем елдерінде израильдік тауарларға бойкот жариялау күн сайын өрістеп жатыр.

Еуропалық Одақ 2013 жылы бір нұсқау шығарды. Соған сәйкес батыс жағалау, Шығыс Құдс пен Голлан жоталарындағы сионистер тұратын қалашықтарда жүріп жатқан жобаларға осы одақтың қаржылай демеушілігіне тыйым салынып, осы қалашықтарда өндірілген өнімдерге бойкот жариялау Еуропалық Одақтың күн тәртібіне қойылды.

Әрдайым сионистік режимнің демеушілері ретінде әрекет жасаған еуропалық үкіметтер қоғамдық пікірдің қысымымен өздерінің демеушілік саясатын қайтадан қарап, сионистік режимнің экспансистік және басқыншылық шараларын сынап отыр. Осы тақырып Еуропаның сионистік режиммен әріптестігі түріндегі өзгерісті аңғартады. Олар бұған дейін әрдайым сионистік режимге сөзсіз қолдау көрсетіп келген. Еуропаның соңғы айларда Израильдің басып-жаншу және экспансистік шараларының күшеюін қатаң сынауы Еуропаның сионистік режимді жан-жақты қолдауының аяқталғанын растайды. Соңғы жылдары Палестина халқының құқығы, атап айтқанда өз тағдырын белгілеу және палестиналық мемлекет құру хақысы мен Палестинаның БҰҰ-дағы мәртебесін жоғарылату жөніндегі тақырыптарды дауысқа салу барысында еуропалық елдердің көбісінің Палестина халқының пайдасына дауыс беруі еуропалық елдердің Израильді үзілді- кесілді қолдау саясатының Палестина халқының құқығын қолдау әрекеттерге қарай бұрылғанын көрсетеді.