Maм 22, 2016 17:55 Asia/Almaty
  • Талибан жетекшісінің өлтірілгені туралы қарама- қайшы ақпараттар жариялануда

Пәкістанның хабар арналары америкалық қайраткерлердің сөздеріне сілтеме жасап, Ауғанстандағы Талибан тобының жетекшісі молда Ахтар Мансурдың өлтірілгенінің ықтималдығын хабарлады.

ИРНА- ның хабарлауынша, пәкістандық ақпарат құралдары сенбі күні кешке Пентагонның бір қайраткерінің сөзіне сілтеме жасап: "Ауғанстандағы Талибан тобының жетекшісі молда Ахтар Мансур отырған көлік жергілікті уақыт бойынша жұма күні кешке соңғы сағаттарда Пәкістан мен Ауғанстанның шекаралық аймағында Американың ұшқышсыз ұшағының шабуылында нысанаға алынды. Ол өзінің серіктерімен бірге өлтірілген болуы ықтимал" деді.

Америкалық қайраткердің айтуынша, шабуыл АҚШ президенті Барак Обаманың жарлығымен жасалған.

Тегтер