Ауғанстан үкіметі Талибанның жаңа басшысына ескерту жасады
(last modified Thu, 26 May 2016 14:13:19 GMT )
Maм 26, 2016 20:13 Asia/Almaty
  • Ауғанстан үкіметі Талибанның жаңа басшысына ескерту жасады

Ауғанстан президентінің ақпарат хатшысының орынбасары Адвахан Минепал: "Талибан тобының бұрынғы жетекшісі молда Ахтар Мұхаммад Мансурдің өлтірілуі осы топтың бейбітшілік үдерісіне қосылуы үшін қолайлы мұрсат болып табылады, әйтпесе Талибанның жаңа басшысы Хейбатолла Ахундзаде осы топтың бұрынғы жетекшісі молда Ахтар Мұхаммад Мәнсурдің тағдырына ұшырайды" деді.

Талибан тобының сәрсенбі күні "Хейбатолла Ахундзаденің сөзі" деп жариялаған үн таспада Талибан тобының ешқандай бейбітшілік келіссөзіне қатыспайтындығы айтылған.