Ресейлік БАҚ: Иранның әскери әлеуеті американдық кемелер үшін қорқынышты түс
ParsToday - Ресейлік БАҚ былай деп жазды: «Иран Ислам Республикасының әскери әлеуеті американдық кемелер үшін қорқынышты түске айналды».
«Российская газета» газеті жұма күні аймақтық оқиғалар мен АҚШ-тың Иранға қарсы қауіптеріне сілтеме жасай отырып: «Иранда баллистикалық зымырандардан басқа, дрондар, кемеге қарсы зымырандар және торпедалық қайықтар бар, бұл Парсы шығанағы суларындағы американдық кемелер үшін нағыз қорқынышты түске айналуы мүмкін», - деп жазды.
Ресейлік газет былай деп жазды: «Әскери сарапшылардың бағалауы бойынша, Иранда өте көп мөлшерде орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандар бар және Иран зымырандары бүкіл Батыс Азияны қамтып, Израиль режиміне соққы бере алады». Бұл ресейлік сарапшының айтуынша, «ирандықтардың Парсы шығанағындағы американдық әскери базалар мен Ормуз бұғазындағы кемелерді нысанаға ала алатын зымырандары бар».