Иранға қарсы соғысқа қарсы наразылардың дауысы Испаниядан Канадаға дейін жетті
Pars-Today- Испаниялықтар АҚШ пен сионистік режимінің Иранға қарсы соғысын айыптау акциясында наразылық білдірді.
Испанияның астанасы Мадридте мыңдаған тұрғындар АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына қарсылығын білдірді. Наразылар «Соғысқа жоқ» деп жазылған плакаттар ұстады. Жиналғандар Ирандағы соғысқа, АҚШ президенті Дональд Трамптың араласуына және фашистерге қарсы ұрандар айтты.
Испания Подемос партиясынан Еуропа Парламентінің өкілі Ирене Монтеро осы наразылық акциясына қатысып, үкіметтен Солтүстік Атлант жорық альянсы (НАТО)-тан шығуды және американдық күштер Испанияның Рота (Кадиз) және Морон де ла Фронтера (Севилия) базаларынан кетуін талап етті. Ол былай деп ескертті: «Біз НАТО-да болғанша, қаласақ та қаламасақ та соғыста боламыз; американдық күштер Испания базаларында болғанша, қаласақ та қаламасақ та Трамп пен Нетаньяхудың қылмыстарына ортақ боламыз».
Испания әлеуметтану зерттеулері орталығы (CIS) сауалнамасының нәтижелері бойынша, осы ел тұрғындарының 69%-ы АҚШ пен сионист режимінің Иранға қарсы соғысына қарсы.
Канаданың Ванкуверінде американдық және сионистік шабуылдарға қарсы шеру өтті
Вашингтон мен Тел-Авивтің Иранға қарсы әскери шабуылына қарсы әлемдік қарсылықтар жалғасып, Канаданың Ванкувер көшелерінде наразылар жиналып, Тегеранға шабуыл бастаған АҚШ пен Израильге қарсы Канаданың үкіметінен одан да қатты ұстаным көрсетуін талап етті.