Иран мен Еуропалық Одақтың байланысын кеңейту үшін қолайлы жағдай бар
https://itolqyn.com/news/world-i8359-Иран_мен_Еуропалық_Одақтың_байланысын_кеңейту_үшін_қолайлы_жағдай_бар
ИИР президенті Иран мен Еуропалық Одақтың байланысын кеңейту үшін жағдайды қолайлы деп бағалады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 28, 2016 22:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Еуропалық Одақтың байланысын кеңейту үшін қолайлы жағдай бар

ИИР президенті Иран мен Еуропалық Одақтың байланысын кеңейту үшін жағдайды қолайлы деп бағалады.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда Литва Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюсті қабылдауында: "Иран мен Литва өзара ынтымақтастықтарын кеңейтіп, тереңдету үшін мол мүмкіндіктерге ие. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы екі ел өз қарым- қатынастарында жаңа маусымды ашуы керек. Теһран- Вильнюс сауда қарым- қатынасынан асып, кең ауқымды экономикалық байланысқа қарай қадам жасауы керек" деді.

ИИР президенті сондай- ақ барлық елдердің лаңкестікпен күресте талап- жігерге ие болып, ынтымақтастық жасауы керектігін қуаттап: "Кейбір елдер саяси және аймақтық мақсаттарын ілгерілету үшін лаңкестерді қолдау және соларды пайдаланудың қолайлы таңдау еместігін әрі нәтиже бермейтінін түсінулері керек.

Лаңкестікпен, әсіресе ДАИШ тобымен күресу үдерісінде астыртын факторларды тану арқылы лаңкестік пен ДАИШ- ті демеуші елдерге қарсы тұру керек. Сонда ғана олар осы лаңкестік топтарға дамыған қарулар мен қаржылай көмек бере алмайтын, аймақ елдерінің мұнайы мен ежелгі ескерткіштерін тонап кете алмайтын болады" деді.

Литва Сыртқы істер министрі де Вильнюстің қажетті барлық салалар бойынша Теһранмен қарым- қатынасты кеңейтуге мүдделі екендігін мәлімдеді.