Путин Түркияға кешірім сұрауды шарт етіп қойды
(last modified Sun, 29 May 2016 08:34:22 GMT )
Maм 29, 2016 14:34 Asia/Almaty
  • Путин Түркияға кешірім сұрауды шарт етіп қойды

РФ Президенті Түркиямен қарым-қатынастың жақсаруын осы ел басшыларының кешірім сұрауымен байланыстырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ Президенті Владимир Путин сенбі күні: «Түркиямен байланысты жақсарту және әріптестікті қалыпты жағдайға келтіруге берілген шарттар өзгерген жоқ. Анкара Мәскеу ұсынған шарттар мен кешірім сұрауды қабылдамайынша қарым-қатынас бұрынғыдай болмайды. Түркия Сирияның әуе көгінде Су-24 ұшағын құлату арқылы неліктен Ресеймен қарым-қатынасын бұзғаны белгісіз. Ресейдің Түркиямен әріптестікті қайта бастау туралы ұстанымы кешірім сұрау, құлатылған ұшаққа өтемақы төлеу, болашақта мұндай істі қайталамау туралы кепілдік беру шарттарын орындауға байланысты»,-деді.