АҚШ Сауд Арабиясының Йеменде жарықшақты бомба қолданғанын мойындады
https://itolqyn.com/news/world-i8449
Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысы Американың Сауд Арабиясына жарықшақты бомба беруді тоқтатуын Сауд Арабиясының Йеменде осы бомбаларды қолданып отырғанын мойындауы деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 30, 2016 08:57 Asia/Almaty
  • АҚШ Сауд Арабиясының Йеменде жарықшақты бомба қолданғанын мойындады

Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысы Американың Сауд Арабиясына жарықшақты бомба беруді тоқтатуын Сауд Арабиясының Йеменде осы бомбаларды қолданып отырғанын мойындауы деп атады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысының мүшесі әрі Кувейт келіссөздері барысында құрықталғандар комитетіндегі осы қозғалыстың өкілі Насер Махфуз: "Американың Сауд Арабиясына жарықшақты бомба беруді тоқтатуы Йеменде әскери емес азаматтар өлімі санының ұлғаюынан алаңдаушылығынан туындап отыр. Осы мәселе Вашингтонның эр- Риядтың халықаралық айдында қолдануға тыйым салынған бомбаларды қолданып отырғанын мойындауы болып табылады. Сауд Арабиясының Йеменге шабуылдары аяқталған соң Ансаролла қозғалысы Сауд Арабиясына қарсы халықаралық трибуналдарда адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айып тағып, шағымданады" деді.

Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысының мүшесі Кувейт бейбітшілік келіссөздері туралы келіссөздер үдерісі мен эр- Рияд делегациясының кедергі келтруі және Сауд Арабиясының ымыраны үсті- үстіне бұзуына байланысты келіссөздерді рамазан айы аяқталмас бұрын нәтижеге жеткізудің мүмкіндігінің аз екендігін мәлімдеді.