Рухани Иранның волейболдан ұлттық командасын олимпиадаға жолдама алуымен құттықтады
ИИР Президенті өз жолдауында Жапониядағы жарыста Иранның волейболдан ұлттық командасының жеңіске жетіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға жолдама алуымен құттықтады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани осы жолдауда Иран жастарының волейболдан әлемнің мықты командаларын жеңіп, басым түсуін Иранның мерейлі халқының биік шыңдарды бағындырып, жақсырақ болашақ үшін жасап жатқан талпыныстары мен үміттерінің көрінісі деп атады.
Рухани осы жолдауда Иран халқын 52 жылдан кейін елдің волейболдан ұлттық командасының 2016 жылғы олимпиадаға жолдама алуымен құттықтап, барлық ойыншылар, жаттықтырушылар мен осы істің басы-қасында жүргендерге алғыс айтып, оларға келешек ойында да мерейлерінің үстем болуын тіледі.
Иранның волейболдан ұлттық командасы сенбі күні Жапонияның Токия қаласында Польшаның командасын 3:1 есебімен жеңіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға жолдама алды. Иран командасы 52 жылдан кейін 12 волейбол командасының бірі ретінде олимпиадаға қатысатын болады.