Амано: Иранның ядро саласындағы істері Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің заңдарына сай
(last modified Mon, 06 Jun 2016 21:15:42 GMT )
Маусым 07, 2016 03:15 Asia/Almaty
  • Амано: Иранның ядро саласындағы істері Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің заңдарына сай

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Иранның ядро саласындағы істерін АҚХА- ның стандарттарына сай деп атады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің Венадан хабарлауынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Амано дүйсенбі күні Басқарма кеңесінің кезекті отырысында оқылған Иран жөніндегі өзінің кіріспе мәлімдемесінде "АҚХА- ның жұмысы Иран уақытша мойындаған қосымша протокол бойынша жүріп жатыр" деп мәлімдеді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры сөзінің жалғасында өзінің соңғы есебі ұсынылғаннан бері АҚХА-нің Ирандағы нысандар мен өзге мекендерге қолжетімділікке ие болғанын мәлім етті.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бас директорының айтуынша, қазіргі уақыт - барлық тараптардың нақты және толассыз көңіл аударуын қажет ететін үдерістің басы.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры алдағы айлар мен жылдарда келісімшартты орындауды жалғастыру үшін барлық тараптардың мықты жауапкершілігі қажет деп қуаттады.