Маусым 09, 2016 21:43 Asia/Almaty
  • Керри Иранмен келіссөздердің цензура жасалған бейнематериалын көбірек зерттеуді сұрады

Америка Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы сол елдің Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Иранмен өткен келіссөздерге қатысты бейнематериалдың цензура жасалуының себептері мен соған қатысты көбірек мәліметке қол жеткізуді қалайтынын айтты.

«Тасним» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Америка Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонер сәрсенбі күні Американың Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Иранмен келіссөздер туралы қысқа бір бейнематериалдың өзгеріске ұшырауы туралы көбірек зерттеуді қалайтынын мәлімдеген.

Бұл бірнеше күн бұрын Джон Керри сол өзгертуді «ақымақтық», «орынсыз» деп сипаттап, осы оқиғаға жауапты адамды табуға шешім қабылдағанын хабарлаған жағдайда айтылып отыр.

Сәрсенбі күні тілшілердің бірі Америка Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысынан 2013 жылы цензура жасалған бейнематериалда Псаки қолданған нақты сөздерді айқындауды сұраған болатын.

Дженнифер Псаки осы оқиғадан кейін Fox News телеарнасында сұхбат беріп, "Америка үкіметі Иранмен келіссөздер туралы өтірік айтты" деген тақырыпты растаған болатын.

Тегтер