Иран мен Норвегияның лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықтары кеңейеді
(last modified Tue, 14 Jun 2016 08:28:11 GMT )
Маусым 14, 2016 14:28 Asia/Almaty
  • Иран мен Норвегияның лаңкестікпен күрес саласындағы  ынтымақтастықтары кеңейеді

Иран Сыртқы істер министрі мен Норвегия Премьер-министрі екі елдің лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту туралы пікір алмасты.

ИРНА-ның мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф кеше, дүйсенбі күні Ослода Норвегия Премьер-министрі Эрна Сульбергпен кездесуінде екі жақты қарым-қатынас пен аймақ және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.

Зариф бұл кездесуде Норвегия Премьер-министріне Иран Президентінің сәлемін жеткізіп, Сульбергке Руханидің Иранға шақыруын тапсырды.

Норвегия Премьер-министрі де кездесуде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты келісімнің арқасында екі елдің саяси және экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуге жағдайдың туғанына тоқталып: «Иран мен Норвегияның ынтымақтастықтары мен кеңесулері Сирияның дағдарысын саяси жолмен шешуге және гуманитарлық көмектердің бұл елдің дағдарыс көрген аймақтарына жетуіне көмектесетіндігіне үміттенемін»,- деді.

Екі жақ кездесуде сонымен қатар Ирак пен Ауғанстанның жағдайы және лаңкестік пен экстремизмге қарсы тұру жолдары туралы сөйлесті.