Иран Американың Орландо қаласындағы лаңкестік әрекетті айыптады
(last modified Tue, 14 Jun 2016 17:06:06 GMT )
Маусым 14, 2016 23:06 Asia/Almaty
  • Иран Американың  Орландо қаласындағы лаңкестік әрекетті айыптады

Иран СІМ 50 адамның өлімі мен ондаған кісінің жаралануына себеп болған Американың Орландо қаласындағы лаңкестік қимылдарды айыптады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Садық Хосейн Джабер Ансари дүйсенбі күні Флорида штатындағы лаңкестік қимылдар жөнінде айтқан сөзінде: "Иран ислам республикасы өзінің лаңкестікті айыптау және осы сұм құбылысқа шынайы әрі жан- жақты түрде тосқауыл қоюдағы мықты талабы негізіндегі өзінің принципті саясаты бойынша, Американың Орландо қаласындағы жуықтағы лаңкестік шабуылды айыптайды" деді.

Жексенбі күні таңертең Флорида штатының Орландо қаласындағы бір түнгі клубта болған атыс салдарынан 50 адам қаза болып, 50- ден астам кісі жараланды.