Зариф: Еуропаның адам құқығы мәселесіне қатысты ұстанымы екіжүзді әрі іріктемелі
(last modified Wed, 17 Feb 2016 08:56:50 GMT )
Ақп 17, 2016 14:56 Asia/Almaty
  • Зариф: Еуропаның адам құқығы мәселесіне қатысты ұстанымы екіжүзді әрі іріктемелі

Иранның Сыртқы істер министрі Еуропаның адам құқығы мәселесіне қатысты ұстанымдарын екіжүзді әрі іріктемелі деп атады.

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Еуропа Парламентінің Сыртқы қарым-қатынас комитетінде Еуропа Парламентінің кейбір өкілдерінің Ирандағы адам құқығы мәселесіне алаңдаушылық білдіруіне реакция білдіріп: «Әлемде ешбір мемлекет адам құқығы саласында өзінің мінсіздігі туралы уәж айта алмайды» деп, Еуропа парламентарийлерінен Иранда үкіметтің халықтың дауысымен сайланатындығына көңіл бөлуді сұрады.

Иранның Сыртқы істер министрі аймақ пен халықаралық мәселелерге қатысты Иранның ұстанымын баяндап: «Ешбір мемлекет Сирия мен Йемен халықтарын әскери шешімге мәжбүрлеуге құқығы жоқ»,- деп қуаттады.

Зариф аймақтағы қақтығыстардың күшеюі мен Сауд Арабиясы және оның аймақтағы кейбір одақтастарының соғысқұмарлығын бұл елдің аймақ теңгерімін түсінудегі және Иранның ядролық мәселесінің шешімін Сауд Арабиясының ойындағы күш теңгерімін бұзатын фактор деп қабылдаудағы қате есебі деп атап: «Сауд Арабиясының басқаларды аймақ теңгерімінен шығарып, көршілес елдердің рөлі мен заңды мүдделеріне көзжұмбайлық таныту талпыныстарына негізделген әрекеті ешқашан бұл елдің өзі мен аймаққа пайда әкелмейді»,- деді.