Маусым 15, 2016 21:43 Asia/Almaty
  • Зариф пен Керри Ослода «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын күшіне енгізу жолындағы кедергілерді  жою жөнінде сұхбаттасты

Иран мен АҚШ Сыртқы істер министрлері екі жақты отырыста «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын күшіне енгізу үдерісі мен қарсы тараптардың өз міндеттемелерін орындауы мәселесіне шолу жасады.

Иран мен АҚШ Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Джон Керридің келіссөзі сәрсенбі күні Норвегияның астанасы Ослодағы «Radisson Blu» қонақ үйінде өтті. Зариф өткен күні де Ослофорум-2016 саммиті аясында Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини ханыммен кездесіп, әңгімелесті.

Сондай- ақ Сыртқы істр министрінің орынбасары сейіт Аббас Арақчи мен Мәджит Тахтраванчи таңертең және түстен кейін екі кезекте Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісінің орынбасары Хельга Шмидтпен келіссөз жүргізді.

Иран дипломаттарының осы келіссөздегі сұхбаттасуларының басты өзегі Иран ислам республикасының қаржы алмасу және банк істері алдындағы кедергілерді жою туралы қарсы тараптың өз міндеттемелерін толығымен орындауы болды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының күшіне енгізілуімен Иран ислам республикасына қарсы ядролық санкциялар жойылса да, қаржы органдары мен Батыс банктерінде санкция кеңістігінің жалғасуына байланысты Иранмен қаржы алмасуға күдікпен қарап отыр.

Иран дипломаттарының айтуынша, қарсы тараптың бұл жөнінде өз міндеттемесін толығымен орындауы көбірек шынайылық пен талпынысты қажет етеді.

 

Тегтер