Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Қарабақ дауын шешуге құлықсыздығы сыналды
Ресей Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Санкт- Перетбургте Қарабақ саммитін өткізуге және Қарабақ дауын шешу үшін осы саммитте Әзірбайжан республикасы мен Армения президенттерінің кездесуіне бейжай қарап отырғанын сынады.
«ASS» ұйымы төрағасының БАҚ істері бойынша орынбасары Наташа Раджакович сәрсенбі күні «Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Санкт-Перетбургте Қарабақ саммитін өткізу және Әзірбайжан республикасы, Армения мен Ресей президенттерінің кездесуін өткізуге еш талпыныс жасамай осы тақырыпқа бейжай қарап отыр» деп мәлімдеді.
Наташа Раджаковичтің айтуынша, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Қарабақ саммитін өткізуде еш рөл атқармайды және Әзірбайжан республикасы, Армения мен Ресей президенттерінің үш жақты кездесуін өткізуге де немқұрайдылық танытып отыр.
Қарабақ саммиті Ресейдің Санк-Перетбург қаласында 20- шы маусымда өтеді. Ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Әзірбайжан республикасы, Армения мен Ресей президенттері сол күні осы отырыста Қарабақ дауы тақырыбын қарастыруы керек болған, алайда Әзірбайжан республикасының ақпарат құралдары сәрсенбі күні осы үш жақты кездесудің 26- шы маусымға қалдырылғанын хабарлады.