Зариф: Иран Германия үшін маңызды сауда серіктесі бола алады
(last modified Thu, 16 Jun 2016 08:46:01 GMT )
Маусым 16, 2016 14:46 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Германияның экономикалық ынтымақтастықтарынан ешкімнің зарар шекпейтінін қуаттап, Иранның дамыған ел ретінде Германияның аймақтағы сауда, экономикалық және саяси маңызды серіктесі бола алатынын қуаттады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Берлинде Германия Сыртқы істер министрі Франк Вальтер Штайнмайермен кездесуден кейін тілшілер алдында Иран мен Германияның байланысын өте мықты және байырғы деп сипаттап: "Германиялық компаниялар мен осы елдің қаржы және банктік кеңселерінің Иранда болуы және Иран мен Германияның экономикалық ынтымақтастықтары һәм екі ел үшін, һәм аймақ пен әлемдегі тұрақтылық үшін де пайдалы.

Иран мен Германия аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін түрлі салада бір- біріне аса жақын көзқарасқа ие. Экстремизм бір аймақпен шектелмейді. Оған тосқауыл қою әлемдік ынтымақтастықты қажет етеді" деді.

Германия Сыртқы істер министрі де тілшілерге берген сұхбатта Иран мен Германияның жақсы және ұзақ тарихи қарым- қатынасына тоқталып, Германияның барлық салаларда Иранмен күшті байланыста болуды қалайтынын мәлімдеді. Штайнмайер сондай- ақ Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістер туралы: "Германия мен Иран Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Ирак пен Сирияда тұрақтылық пен жер тұтастығының бұзылуына алаңдап отыр" деді.