Путин Ердоғанның хатына жауап бермеді
Маусым 16, 2016 19:22 Asia/Almaty
Кремль Түркия президентінің Ресей президентіне жазған хатына реакция білдіріп: «Реджеп Тайып Ердоғанның таяудағы хатына жауап берудің қажеттілігі жоқ. Хатта ресмиліктен басқа көңіл аударатын ештеңе жазылған жоқ» деп мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Түркия президентінің хатын әдеттегі ілтипат білдіру деп атап, оған жауап беру қажет емес деді. Ердоған таяуда Ресей президенті Владимир Путинді Ресейдің ұлттық күнімен құттықтап, хат жолдаған болатын.
Тегтер