АҚШ «Ән-Носрат майданы" тобын қорғап, Сирия үкіметін құлатуды мақсат етуде
Ресей Сыртқы істер министрі «АҚШ «Ән-Носрат майданы» тобын қорғап, Сирия үкіметін құлатуды ойластыруда»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Санкт-Петербургтегі Халықаралық экономикалық форумның отырысында АҚШ-тың Сириядағы саясаты туралы: «Вашингтон Сириядағы әл-Қаиданың бөлімін (ән-Носрат) тобын бұл елдің заңды үкіметі Башар Асадты құлату үшін пайдалануға үміттенеді. АҚШ қолдайтын сириялық оппозицияның ән-Носрат лаңкестік тобынан алыстамауы қақтығыстардың жалғасуының бір дәлелі. АҚШ «ән-Носрат майданы» тобын Сирияның заңды үкіметін құлатуға пайдаланбақ»,- деді.