Сауд Арабиясы қайраткерлерінің сапарымен орайлас Америкада Иранға қарсы әрекеттер орын алуда
АҚШ Өкілдер палатасының сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы Эд Ройс жұма күні осы елдің Қазына министрі Джек Льюға жолдаған хатында Иранның «ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржымен қамтамасыз ету негізінде қауіпті мекендер» деп таныстырылған елдердің тізімінде қалуын сұрады.
АҚШ Өкілдер палатасының осы республикашыл депутаты Иран Financial Action Task Force кеңсесінің жұмыс тобын Иранның атауын осы қара тізімнен алып тастауға көндіруге талпыныс жасап жатыр деген уәж айтты. Сонымен қатар осы хатта «Иран лаңкестікті одан әрі қолдап, қатыгездікті қаржымен қамтамасыз ету үшін өзінің заңсыз қаржылық шараларын жалғастыруда» деген уәж айтылған.
АҚШ Өкілдер палатасының сыртқы байланыстар комитетінің төрағасы сондай- ақ Хезболланы Иранның атынан белсенділік танытатын лаңкестік топ деп таныстырып: «АҚШ Мемлекеттік департаментінің лаңкестік туралы жаңа есебінде «Иранның Газадағы палестиналық лаңкестік топтар мен Ирак пен бүкіл Таяу Шығыстағы түрлі топтарға қолдау көрсетуі жалғасуда» деп анық келтірілген» деді.
Сауд Арабиясы ханзадасының орынбасары Мұхаммед Бин Солтан Америкаға жасаған сапарындағы мәлімдемесінде Иранға қысымдарды күшейтуге мүдделік танытқан жағдайда Иранға қарсы осындай мәлімдемелер мен әрекеттер жасалып жатыр.
Ақ Үй мәлімдеме жариялап: «Сауд Арабиясының ханзадасы мен Обама Иранның тұрақсыздық әкелетін әрекеттерін кеңінен талқылап, Америка мен Сауд Арабиясы арасындағы стратегиялық серіктестікті қуаттады» деп мәлімдеді.
Сонымен орайлас Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейр де ақпарат конференциясында саудиялықтардың Иран туралы ұстанымы жөнінде «Иран бұрынғысынша аймақ елдерінің ішкі ісіне араласып отыр. Егер Иран аймақ елдерімен қалыпты байланысқа ие болуды қаласа, осы елдің Конституциясындағы революцияны экспорттау принципін жоюы керек» деді. Ол осы көпірме сөзінің жалғасында «Иран революция жеңісінің басынан лаңкестікке қолдау көрсеткен. Шын мәнінде барлық дұшпандық Иран тарапынан болған» деген уәж айтты.
Осы дау- дамайлар мен алдамшы мәлімдемелер мынадай жағдайда айтылып отыр: 11- ші қыркүйек оқиғаларынан кейін 2002 жылы жарияланған есепте Сауд Арабиясы осы лаңкестік оқиғаның негізгі себепкерлерінің бірі болып табылады. Сол себепті осы құжаттар мен деректерге қатысы бар 11- ші қыркүйек туралы негізгі мәтіннен оның 28- ші беті жойылған.
АҚШ Конгресінде Иранда лаңкестік шаралар жасауға бюджет бекітіліп, Ақ Үй Мұнафықтар лаңкестік тобына ресми түрде қолдау көрсетіп отырған жағдайда Иранның атауын қаржылай қауіп төндіруші деп аталатын елдердің тізімінде сақтауға тырысуда. Мұнафықтар лаңкестік тобы мен ислам республикасы жүйесінің өзге қарсыластарының саяси және қаржылық бюролары да Америкада еркін қызмет атқаруда. Иран 17 мың шәһидпен АҚШ және Сауд Арабиясының қолдауына ие болып отырған лаңкестіктің ең үлкен құрбаны болып табылады.
Америка лаңкестік топтарды қаржы және қарумен қамтамасыз етуші елдердің бірі болып, оларды құрал ретінде қолданып отыр. АҚШ сондай- ақ түрлі жағдайларда мемлекеттерде, соның ішінде Иранда 1953 жылы әскери төңкеріс ұйымдастырған.
АҚШ пен Сауд Арабиясының әрекеттері мен бағыттастығы шын мәнінде шындықты бұрмалау болып табылады. Эр- Рияд пен Вашингтонның өзара келіспеушілігі болғанымен олардың бір бақырдың екі беті екенін және өздерінің ортақ мүддесін сионистік режимнің үйлесімділігімен іріткі салу, дағдарыс тудыру және «Иранға үрке қарау» жобасы шеңберінде аймақта Иранды қоқан-лоққы деп көрсету бағытында жалғастырып жатқанын көрсетеді.