Сауд Арабиясы лаңкестікті қолдап отыр
БҰҰ- дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл- Жафари осы ұйымның бас хатшысының орынбасарына есеп беру отырысында "Сауд Арабиясы лаңкестікті өзінің саяси жоспарларын іске асыру үшін құрал ретінде пайдалануда.
Сириядағы адами дағдарыстың негізгі себебі лаңкестік топтардың болуы мен батыстықтардың зұлым қоршауы болып табылады" деді.
БҰҰ- дағы Ресей өкілінің орынбасары Владимир Сафронов та отырыста осы ұйымның Сирия армиясының іс- әрекетін сынауына реакция көрсетіп: "Сирияда ешқандай лаңкестік қоқан-лоққы жоқ сияқты көрінетіндей әрекет жасамау керек. Сирия армиясының лаңкестік топтарға тап болып отырғанын ресми түрде қабылдау керек" деді.
Келесі бір мәліметке сәйкес, сириялық күштер Риф Дамаскте лаңкестік топтардың бекіністерінде іс- қимыл жүргізу арқылы бір ірі қару қоймасын, атап айтқанда Америкада жасалған ауыр қаруларды анықтап, тәркіледі.