Діни жетекші Сақшылар корпусының қолбасшыларымен кездесті
(last modified Mon, 26 Sep 2016 11:21:19 GMT )
Қыр 26, 2016 17:21 Asia/Almaty
  • Діни жетекші Сақшылар корпусының қолбасшыларымен кездесті

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 18-ші қыркүйекте Ислам революциясының Сақшылар Корпусы қолбасшыларының отырысына қатысушылармен кездесті.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 18-ші қыркүйекте Ислам революциясының Сақшылар Корпусы қолбасшыларының отырысына қатысушылармен кездесіп, Сақшылар Корпусын революцияның мықты қорғаны, сондай-ақ ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қорғайтын маңызды орган  және елдің дамуы мен мақсаттарына қарай алға ілгеруі үшін қажет фактор деп атап, исламдық жүйедегі «жұмсақ күштің» кейбір негіздеріндегі бұрмаланушылықтарға тоқталып: «Ислам республикасының «жұмсақ күшінің» маңызды мәселесі АҚШ басқарған билікқұмар мемлекеттерге сенім артпауында. Бұл сенімсіздік  күннен күнге кеңеюі қажет»,- деп баса айтты.

Діни жетекші Сақшылар корпусының қолбасшыларымен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің басында имам Хомейнидің Сақшылар корпусының үштік күшін құруды бұл ұлы тұлғаның терең ойы мен жанашырлығының белгісі деп атап, Ислам революциясы Сақшылар корпусының маңыздылығы мен ерекше орны туралы: «Имам Хомейнидің «егер Сақшылар корпусы болмағанда,  мемлекет болмас еді» деген танымал сөзі Сақшылар корпусының болмысындағы иман, революцияшыл және жиһадтық қозғалыстың ел мен революцияны қорғау үшін маңызды фактор екендігін білдіреді. Ислам революциясының Сақшылар Корпусы – Ислам революциясының жеңісінен кейін имам Хомейнидің бұйрығымен құрылған, бүгінде  діни жетекші басқаратын орган. Бұл орган Иранның Ислам революциясы мен оның жетістіктерін қорғау және илаһи мақсаттарға жету жолында талпыныс жасап, Алланың заңдарының билігін тарату, басқа қарулы және халықтық күштермен ынтымақтастық жасап, Ислам республикасының қорғанысын толығымен қамтамасыз мақсатында болып қалыптасты»,- деді.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы

Аятолла Хаменеи революцияның үлкен, яғни исламдық жаңа өркениет құру мақсатына жетіп, исламдық жүйені қастықтардан қорғау үшін революцияшыл және жиһадтық қозғалысты қажеттілік деп атады. Ислам революциясының Сақшылар Корпусы ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз  етуімен бірге құрылыс, мақұрымдарға қызмет ету, мәдениет, өнер және революцияшыл ой-пікірлер тудыру салаларына белсенді қатысады. Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар корпусының қорғаныс саласындағы және мәдени жұмыстарын сындарлы деп бағалап: «Тіпті жүйе мен революцияның дұшпандары да Сақшылар корпусының мүмкіндіктерін мойындайды»,- деді. 

Сақшылар корпусы қолбасшыларының Ислам революциясы жетекшісімен кездесуі

 Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Сақшылар Корпусының болмысын қорғауды қуаттап: «Болмысты қорғау деген бірқалыпты түрде тоқтап қалу емес, керісінше дұшпанның құралдарының өзгеруі және алға ілгерілеуімен бірге Сақшылар Корпусы да ғылым мен технология саласындағы өз жетістіктеріне қанағаттанбай, алға ілгерілеуін тоқтатпауы керек деген сөз»,- деді. Ол әскери қоқан-лоққыларды жою үшін қарулы күштердің күнделікті күш-қуатын қажеттілік деп атап: «Әскери қоқан-лоққылар тек қорғаныс пен әскери құдырет пен дұшпанның арасында алаңдаушылық пен қорқыныш тудыру үшін жасалды. Өз әскери ұйымдарын құрмадық деп айтатын мемлекеттер мұндай шешімді өз еріктерімен қабылдаған жоқ. Олар дүниежүзілік соғыста жойылып, оларға әскери ұйымдар құруға рұқсат берілмеді. Ешбір ақылды мемлекет өзінің қорғаныстық күштеріне көзжұмбайлық танытпайды. Сондықтан елдің қорғаныстық күші күннен күнге күшеюі керек. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Инфал» сүресінің 60-шы аятында: «Сендер де шамаларың келгенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. (Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар дайындаңдар.) Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, Алла біледі. Ал Алла жолында не нәрсе жұмсасаңдар, сендерге толық төленеді. Әділетсіздік көрмейсіңдер»,- деп айтқан. Осы және тағы басқа аяттарда Алла Тағала мүміндерге әскери күштер мен мүмкіндіктерді жабдықтауды бұйырады. Бұл аятта қарастырылған келесі маңызды мәселе Құранға сәйкес, әскери жабдықтар қырып-жою, қирату немесе басқаларға қарсы соғыс ашу үшін дайындалмайды. Бұл қарулардың мақсаты дұшпанды қорқыту және мұсылмандарға қарсы ықтималды шабуылдардың алдын алу саналады. Құран: "Бұл қару арқылы Алланың дұшпанын, өз дұшпаңдарың мен олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар»,- дейді.

Сақшылар корпусының "Велаят күш-қуаты" жаттығуларында баллистикалық зымырандар сынақтан өткізілді

Ислам революциясының жетекшісі иманды елдің қорғаныстық күш-қуатын нығайтатын негізгі фактор деп атап: «Теңсіз соғыс дәл осы мағынаны білдіреді. Екінші жақ дамыған қару-жараққа ие болғанымен иманнан  жұрдай болады. Теңсіз соғыстың айқын үлгісі Иракта орын алды. Дамыған әскери қару-жарағы болмаған Ирактың халықтық күштері өздерінің иманымен АҚШ пен оның одақтастары қолдарына түсіре алмаған аймақты босата алды»,- деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында исламдық жүйедегі жұмсақ күштің кейбір бөлімдерінің бұрмалануына тоқталып: «Революцияның түсініктерінің кейбіреулері бұрмалануда. Мұның қатері қате сөздерден артық. Тәуелсіздікті теріске шығарудың негізгі мақсаты билеп-төстеуші үкіметтер орнатып отырған жүйелерге қолдау көрсету»,- деп қосты. Аятолла Хаменеи тәуелсіздік, мәдениет пен наным-сенімді бір халықтың болмысының критерийі деп атап: «Олар қандай себеппен өздерінің шынайы болмыстарынан  бас тартып, батыстықтардың қате әрі қисынсыз жолдарын қолдайды?»- деп баса айтты. Ол біржыныстық мәселесін адамзат пен оның жаратылған мақсатына қайшы деп: «Әлемдік үгіт-насихат егер кімде-кім бұл қисынға сай келмейтін мәселені теріске шығарса, өзін жалғыз қалғандай сезеді деген ойды  таратады. Осыған орай кейбір Батыс басшылары дауыс жинау үшін мұндай қате ой-пікірді  қолдайтындықтарын жариялайды. Ислам революциясының жетекшісі: «Тәуелсіздіктің жоқтығы батыстықтар қуаттайтын осындай жағдайға әкеледі. Біз исламның нұрлы әрі илаһи идеялогиясынан бас тартып, олардың ұятсыз ой-пікірін қабылдаймыз ба?»- деген сұрақ қойды. Аятолла Хаменеи армандауды ақылсыздықпен тең санауды бұрмалаушылықтың келесісі деп атап: «Армандау ақылға сай мәселе. Өйткені  халықтың арманы болмаса, Батыс қоғамының бүгінгі жағдайына, яғни ішінен босап қалуына жетеді. Халықтардың дамуына себеп болатын нәрсе – оның армандары. Арман жоғарылаған  сайын іс-әрекет те дұрыстала түседі»,- деп қуаттады.

«Армандау ақылға сай мәселе. Өйткені  халықтың арманы болмаса, Батыс қоғамының бүгінгі жағдайына, яғни ішінен босап қалуына жетеді".

Ислам революциясының жетекшісі әлемдік билеп-төстеушілерге әрқашан сенімсіздік білдіруді исламдық жүйенің жұмсақ күшінің бір факторы деп атап: «Өкінішке орай, кейбіреулер бұл сенімсіздікті қабылдағылары келмейді. Олар ауыздарымен АҚШ дұшпан деп атағандарымен АҚШ-қа іс жүзінде сенімсіздік білдіргілері  келмейді. Иранның АҚШ-қа сенім артпауын  тәжірибелердің нәтижесі деп атап: «АҚШ-тың дұшпандығы Иран Ислам революциясынан кейінгі жылдары және ядролық мәселеге қатысты соңғы келіссөздер кезінде, сондай-ақ басқа мәселелерден байқалды. 28-ші мурдодтағы Иран халқының конституциялық монархия жүйесіне қарсы төңкеріс, Иранның жолдаушы тасымалдайтын ұшағына қарсы шабуыл, АҚШ-тың Ислам революциясын сәтсіздікке ұшырату мақсатында Табас шөлінде Иранға  қарсы жасаған әуе шабуылы, Иранға қарсы сегіз жылдық соғыста Ирактың БААС режиміне жан-жақты қолдау көрсету мен АҚШ-тың Иран халқына қарсы басқа да ондаған қиянаттары ирандықтардың  өзінің тарихи жадында АҚШ-ты бірінші дұшпан деп санауына себеп болды. Аятолла Хаменеи аймақтың кейбір мемлекеттеріне: «Егер қырағы болмасаңдар, АҚШ-тың билеп-төстеуші жүйесінің үдерісін түсінбей, олардың күлімсіреуіне алдансаңдар, 50 немесе тіпті 100 жылға артта қалуларың мүмкін»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі: «Егер біз осы күні америкалықтармен келіссөздер жүргізу үшін әртүрлі салаларда олардың күдік-күмәндеріне жол ашсақ, олардың әшкере және жасырын ықпалына ғана жағдай тудырмақ түгілі елдің ойындағы жетістіктерге еш уақытта жетпей, артта қаламыз»,- деді. Аятолла Хаменеи басшылардың дұшпанның билікқұмарлығының алдында қырағы болуы қажеттігін қуаттап: «Қазіргі жағдайда АҚШ-тың Иранмен келіссөздер өткізгісі келетіндігі кездейсоқ мәселе емес. АҚШ-тың Иранмен аймақ, әсіресе Сирия, Ирак, Ливан және Йемен туралы келіссөздер жүргізуінің мақсаты – ИИР-ның аймақтағы белсенділігінің алдын алудан басқа еш нәрсе емес. Өйткені, Иран – АҚШ-тың аймақтағы сәтсіздіктерінің негізгі себепкері»,- деп  баса айтты.

Сақшылар корпусының сардары діни жееткшімен кездесуінде

Аятолла Хаменеи сөзінің келесі бөлімінде Сақшылар корпусының мүмкіндіктерінің негізін иман мен революцияшыл әрі жиһадтық рух деп атап: «Революцияшыл көңіл-күйге дүниеге тәуелді болып, дүниеқоңыздыққа салынып,  әлсіреуге рұқсат бермеген жөн»,- деді. Ол сонымен бірге Сақшылар корпусының жаңа буындарының революция түсініктерімен біртұтастықты сақтау қажеттігі мен білім беру мәселесінің маңыздылығын қуаттады. Ислам ревоюциясының жетекшісі  «басидж» қарсыласу күштерін ұлттық күш-қуат деп атап, олардың жұмыстарына алғыс айтты. Ирандағы «Басидж» қарсыласу күштерінің тәжірибесі осы кезде Ирак пен Сирияда лаңкестікке қарсы сындарлы жолдардың бірі ретінде пайдалануда.  Аятолла Хаменеи Иран халқының әлемдік өзгерістердегі үлгі болу рөлі мен дұшпанның Иран халқына деген ашу-ызасының илаһи ерекшелікке қатысты себебіне тоқталып: «Иран халқының қысымдар, санкциялар мен қоқан-лоққыларға қарамастан алға ілгерілеуі күннен күнге анығырақ әрі батылырақ болып, Ислам революциясының жас, пәк көшеті алып күшке айналды. Құран бізге дұшпандарға қарсы Алладан көмек сұрап, табандылық танытуды үйретеді. Өйткені Алла мен илаһи нұсқаулар әрқашан бізбен бірге»,- деді.