Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (10)
«Құдайым! Нәпсіде артық кетуден сенен пана іздеймін!»
Ұлық пайғамбар (с.ғ.с.) қасиетті Рамазан айын сипаттап: «Уа, халайық! Бұл айда жұмақтың есіктері ашылады. Жаратушыдан оларды сендердің алдарыңнан жаппауды сұраңдар. Бұл айда тозақтың есіктері жабылады. Жаратушыдан оларды сендердің алдарыңнан ашпауды сұраңдар. Шайтандар бұл айда кісенделеді. Жаратушыдан олардың сендерді билеп-төстеуіне жол бермеуін сұраңдар» деген болатын.
Қасиетті Рамазан айында шайтандардың адамды билеп-төстеуіне жол бермеу үшін сақталынуы тиіс жайттардың бірі – жанның нәпсінің қалауына еруіне жол бермеу. Діни ұлы тұлғалар содан қашып, Құдайдан пана іздеп: «Құдайым! Нәпсіде артық кетуден сенен пана іздеймін!» дейтін.

«Елхах» сөзі адамның нәпсісі қалайтын ләззатпен астасқан талабын жалбарына сұрау деген мағынаны білдіреді. Ал «нәпсілік елхах» дегеніміз – нәпсіге еруде табандылық таныту және адами шектен шығу.
Ұлы Жаратушы адамның болмысына қалаған нәпсі ұрпақтың сақталуы мен отбасының құрылуы үшін қажет. Сонымен қатар, тамақтану және денсаулықты сақтау тұрғысынан, егер адамның ас ішуге тәбеті болмаса, оның денаулығына қатер төнеді. Негізінде, мал-мүлік жинау мен отбасылық және қоғамдық экономиканың жүруі де осындай талап-тілектерге негізделеді. Сол себепті, егер адамның қалаулары Жаратушының үкімдерімен сәйкестендірілсе, жақсы. Адами талап-тілектер адамның ақылы және ой-санасы негізінде бағдарлануы тиіс. Ой-сананың тізгініндегі нәпсі – жақсы. Ол ешқандай нұқсан келтірмейді, керісінше, пайдалы әрі ілгерілетуші күш болып табылады.
Алайда ой-сананың ырқына көнудің орнына оны өзі басқаратын нәпсі – жағымсыз. Алла Тағала "Ағраф" сүресінің 32-ші аятында былай дейді: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті» де. «Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін. (Алайда кәпірлер де ортақ) Қиямет күні мүміндерге ғана» де.» Бұл адамдар Жаратушының ризашылығынан кенде қалған. Келесі бір топ өз нәпсілеріне ерік беріп, артық кетеді. Мұндай жағдайда адам адамгершіліктен безіп, Құранның тілімен айтқанда, жануарлардан да төмен күйге түседі.