Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (11)
https://itolqyn.com/radio/iran-i28100
«Құдайым, қырсықтықтан сенен пана іздедім!»
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 16, 2017 23:49 Asia/Almaty
  • Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (11)

«Құдайым, қырсықтықтан сенен пана іздедім!»

Қасиетті Рамазан айы – илаһи рақымшылық айы. Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) бұл айды сипаттауда былай деген: «Уа, халайық! Алланың береке, рақымшылық пен кешірімге толы айы сендерге келді. Енді күнәларыңнан бас тартып, Аллаға тәубе етіп, оған бет бұрыңдар».

Рамазан – күнәлардан арылу айы

 

Пана іздеу алдын алу үшін де,  емдеу үшін де қажет. Себебі, адамның нәпсісі әрдайым түрлі ахлақтық пәстіктерге жақын болады. Мүмін әрдайым жағымсыз ахлақтық қылықтардан аулақ болуы керек. Себебі, мұндай қылықтардың ауыр салдарлары болады. Олардан арылу үшін толассыз түрде талпыныс жасау қажет.

Ұнатушылық пен әсірешілдік достық пен махаббатың нәтижесінде пайда болады. Адамның өзіне ұнайтын нәрсені жақтауы қалыпты нәрсе. Бұл ұнатушылықтың түрі әсірешілдіктің түрін анықтайды. Егер ұнатушылық илаһи үкімдер мен ақыл-санаға сай болса, онда бірбеткейлік пен әсірешілдік те ақылға қонымды шектен аспайды. Егер, ұнатушылық жәһілдік және  надандықпен қатар жүретін болса, онда бірбеткейлік әсірешілдікке ұласады. Одан құтылу үшін Алладан пана іздеу керек. Жәһілдік бірбеткейлікке салынған адам күнәға батады. Бұл адам өзінің жаман туыстары, достары мен серіктерін қарсы топтардағы жақсы адамдар мен басқалардың жақсы туыстары және достарынан жақсырақ деп ойлайды.

اللَّهُمَّ إِنیِّ أَعُوذُ بِکَ مِنْ مَلَکَةِ الْحَمِیَّةِ

 

Дегенмен, адам  өзінің туған-туыстарын, отбасын, отандастарын, жерлестері мен серіктерін жақсы көретін болса, бұл әсірешілдік емес. Бұл ұнатушылық оны әділет шеңберінен шығуға итермелеген кезде фанатизм басталады. Шын мәнінде, фанатизм дегеніміз адамның туысы, досы, серігі не топтасы оның зұлымдық пен зорлық-зомбылық жасауына көмектесуі. Фанатизмге ұшыраған адам былай дейді: «Мен баламды, туысымды қаншалықты кінәлі болса да қолдауым керек. Олай жасамасам, басқалар мен туралы не айтады?!» Бұл – Ислам тыйым салып отырған жәһілдік бірбеткейліктің нақ өзі.

Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.): «Жүрегіне бір бидайдың дәніндей ашу-ыза ұялатқан әр адамды Жаратушы қиямет күні жәһілдік дәуіріндегі арабтардың қатарына қосады» деген болатын.