Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (13)
«Құдайым! Өз қолыммен басыма машақат тудырудан сенен пана іздедім!»
Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) қасиетті Рамазан айын сипаттаған кезде: «Уа, халайық! Алланың берекеге, рақымшылық пен кешірімге толы айы сендерге келді... Уа, халайық! Сендердің араларыңнан ораза ұстаған мүмін адамға ауыз аштыртқан әр адамның Алла бұрынғы күнәларын кешіріп, пендені азат етеді» деген екен. Сахабалардың кейбіреулері: «Уа, Алланың елшісі! Олай жасаубарлығымыздың қолымыздан келе бермейді» деген кезде хазірет: «Ораза тұтқандарға тіпті құрма дәнінің жартысы немесе бір тамшы сумен болса да ифтар беру арқылы тозақтың отынан құтыласыңдар» деп жауап беріпті.

Қасиетті Рамазан айында Жаратушы тапсырған жақсы әдет-ғұрыптардың бірі – ораза тұтқан басқа мұсылмандарды жинап, оларға ауызашар жасау. Ифтар – ауызашар немесе Алланың ризашылығы үшін жасалатын басқа да ғамалдардағы маңызды жайт, шектен тыс әбігерге түсуден алшақ болу қажет. Себебі, шектен тыс әбігерге түскен адам дін мен ақыл-ойдың заңдарына қайшы әрекет етіп, өзі мен басқаларды шектен тыс әуреге салады. Ал Ислам діні – жеңілдік діні. Сол себепті дін ғұламалары содан қашып: «Құдайым! Өз қолыммен басыма машақат тудырудан сенен пана іздедім!» дейтін.
Адамның табиғаты жеңіл өмір сүру мен жеңіл жүруді қалайды. Ал машақат, таңу мен қисынсыз түрде қысым түсіру адамның болмысына қайшы келеді. Сол себепті Алла елшісі (с.ғ.с.) бұл туралы: «Біз, пайғамбарлар тобы, шектен тыс әбігерге түсуден аулақпыз» деген болатын. Сол себепті, хазірет өз қонақтарын қолында бар нәрсесімен еш әбігерге түспестен күтетін.

Имам Садық (ғ.с.) машақат тудыратын адамдар жайлы: «Достықтары мен үшін қиындық тудыратын адамдар менің алдымда соншалықты әуреге түскендіктен, мен де олардың алдында әуре-сарсаңға түсуге мәжбүр боламын. Керісінше, достықтары мен үшін жеңіл әрі тартымды болып табылатын адамдармен бірге болғанда өзімдей адаммен отырғандай еркін сезінемін» деген екен.
Дегенмен, әуреге түсуден аулақ болу сылтауымен әдепсіздік, тәртіпсіздік пен салақтыққа салынбау керек. Исламдық әдеп әрдайым табиғи әурешілікпен қатар жүреді. Сол себепті, шектен тыс әуре мен машақатты қамтитын әрі дін мен ақыл-ой тарапынан тыйым салынған шектен тыс әурешіліктен аулақ болып, Құдайдан пана іздеу керек. Тәртіпсіздік, әдепсіздік пен салақтықтың әурешілікке ешқандай қатысы жоқ екенін және олардың тек шайтанның істері екенін біліп жүргеніміз жөн.