Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (14)
https://itolqyn.com/radio/iran-i28270
«Құдайым! Бұрысты дұрыстан артық санаудан сенен пана іздедім!»
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 22, 2017 02:07 Asia/Almaty
  • Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу (14)

«Құдайым! Бұрысты дұрыстан артық санаудан сенен пана іздедім!»

Қасиетті Рамазан айы – тәрбиелеу, тәртіпке келу, жасап, дәм татудың уақыты, әрі ұстамдылық, бақылау, Құдайға назар аудару мен Жаратушымен жақындасатын кез. Бұл айда Жаратушыға жақын болудың орнына одан алыстаудан, дұрысты таңдаудың орнына бұрысқа назар аударудан аулақ болу керек. Олай болса, қолымызды жайып: «Құдайым! Бұрысты дұрыстан артық санаудан сенен пана іздедім!» деп айтайық.

Бұрысты дұрыстан артық санаудан қашып, Құдайдан пана іздеуіміз керек.Құранға сәйкес, «хақ» – Жаратушы. Хаққа тиесілі барлық нәрсе дұрыс. Керісінше, Құдайға тиесілі емес барлық зат бұрыс, пәнилік әрі жалған.

 

Алла Тағала адамның болмысын хаққа негіздеп, жаратқан. Сол себепті адамның болмысы хаққа ұмтылып, оны танып, қабылдап, хақтың шеңберінен аспайды. Адам өзінің жаратылысы мен болмысына байланысты әрдайым хақты танып, оны бұрыстан артық санайды. Ол дұрыс дін, дұрыс сөз, дұрыс мінез-құлық пен дұрыс қасиеттердің алдында мойынсұнып, оған бар күшін салып, тіпті ол үшін жанын да құрбан ете алады.

Алайда адам жолдан тайып, немесе бір қателік жасап бұрысты дұрыстан артық санауы мүмкін. Кейде бұрыс нәрсе дұрыс нәрсенің кейпіне еніп, қателік жасауға итермелейді. Саяси, мәдени, қоғамдық және идеологиялық алаңдарда жасалатын арандатушылық әрекеттер осындай бұрыс амалдардың қатарына жатады. Мұндай жағдайда дұрысты бұрыстан ажырату қиынға соғады. Сол себепті ақиқат іздеуші адам дұрыс нәрсенің критерийлері мен көрсеткіштерін тануға тырысып, арандатушылық әрекеттері кезінде бұрыс жолға түспес үшін өз танымы мен көрегендігін нығайтуға тырысады.

 Кейде адам еш күдік-күмәнсіз дұрыс нәрсені тани тұра,  нәпсісіне еріп бұрысты таңдайды. Мысалы, мансап пен байлыққа қызыққан кезде дұрыс жолды таңдасақ, мал-мүлік пен мансапқа қатер төнеді. Не болмаса, қол астындағы қызметкер, жұмысшы немесе тіпті бала дұрыс сөз айтып тұрғанда қоғамдағы орнымыз бен мәртебемізге күмән туындау ықтималдылығына байланысты шындықты қабылдамай, оны жоққа шығарамыз. Бұл – бұрысты дұрыстан артық санаудың нақ өзі. Дұрысты қабылдамау, яғни, Хақты жоққа шығару бізді мәңгілік азапқа соқтырады.