Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу(16)
https://itolqyn.com/radio/iran-i28422
«Құдайым! Мықтылардың мақтаншақтығы мен мүсәпірлерді жаратпауынан сенен пана іздедім!»
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 27, 2017 23:02 Asia/Almaty
  • Қасиетті Рамазан айында сақталынуы тиіс жайттарға шолу(16)

«Құдайым! Мықтылардың мақтаншақтығы мен мүсәпірлерді жаратпауынан сенен пана іздедім!»

Қасиетті Рамазан айы – Жаратушының қонағасы. Жаратушының қонағасы дегеніміз –Алланың өз пенделеріне төгетін ерекше шапағаты. Барлық пенделер, мейлі олар мүмін, мейлі кәпір болсын, өз өмірлерінде илаһи шапағат пен мейірім дастарқанынан дәм татады. Алайда, Рамазан айындағы қонағасы Жаратушының барлық пенделеріне берілетін бірдей рақымшылығымен қатар, ораза тұтушыларға арнайы рақымшылық сыйлайды.

Ораза тұтушы мүміндер Аллаға құлшылық ету және Рамазан айының дастарқанындағы түрлі нығметтерді пайдалану барысында Алланың ашуына себеп болатын түрлі күнәлардан сақ болады. Ораза тұтушы адам одан бойынаулақ ұстайтын екі ерекшелік – мақтаншақтық пен мүсәпірлерді жаратпау. Сол себепті өздерінің дұғаларында: «Құдайым! Мықтылардың мақтаншақтығы мен мүсәпірлерді жаратпауынан сенен пана іздедім!» деген сөздерді айтады.

Адамның жағымсыз ахлақи қасиеттерінің бірі – бөспелік. Бөспелік дегеніміз – адам ойдан шығарған немесе шынайы артықшылығымен басқалардың алдында мақтану. Мақтаншақтық тәкаппарлықтан шығады. Оның тамыры жәһілдік пен надандықтан басталады. Себебі, надан адамдар адамның шынайы кемелдігінің не екенін білмейді. Сондықтан,кейде кемшіліктерді артықшылық санап, ойдан шығарылған артықшылығымен мақтанады. Я болмаса, артықшылықты өзіндік санап, оның шынайы қайнар көзін, яғни, Алла Тағаланы ұмытады. Осы екі нәрсенің әрбіреуі жәһілдік пен надандықтан басқа ештеңе емес. Сондықтан имам Әли (ғ.с.): «Басқалардың алдында мақтанудан асқан ақымақтық жоқ» деген болатын.

Мүсәпірлер мен мұқтаж адамдарды төмен санау әдетте байлардың бөспелігімен қатар жүретін жағымсыз қылық. Ойдан шығарылған, кейде жалған мал-мүлкімен мақтанатын адам мұқтаж адамдарға кемсітушілікпен қарайды. Алла Тағала осындай әдеттері бар адамдарды  рақымшылығынан кенде қалдырады. Мақтаншақтық пен мүсәпірлерді кемсітудің салдары туралы Құранда Қарун туралы хикая бар. Ол орасан көп байлығын өз  ісінің жемісі, лайықтылығы мен бекзаттығының нәтижесі санаған.  Сол себепті, ол мақтану үшін құлдары мен күңдерінің арасына келген кезде Жаратушы оны бар мал-мүлкі және байлығымен жердің астына түсіріп жіберді.