Маусым 29, 2016 16:13 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 81

Физикалық ауруды емдеу үшін оның негізгі себебін табу қажет. Өйткені оның себебін тамырынан жоймай емдеу мүмкін болмайды. Егер уақытша   дертін тоқтатса, біраз уақыттан кейін қайтадан басталады. Ахлақи аурулар да осыған ұқсас.

Жағымды ынтық адамды жоғары мақсаттарына қарай жеткізеді, яғни халықты надандық пен хабарсыздықтан құтқарады. Жағымсыз айыпталаттын ынтық адамдардың бұл дүние мен ақыреттегі қиындықтарына себеп болады. Имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша «ынтық еңбек пен шаршап-шалдығудан тұрады». Сондықтан бұл жағымсыз сипатты жақсы танып білу қажет. Физикалық ауруды емдеу үшін оның негізгі себебін табу қажет. Өйткені оның себебін тамырынан жоймай емдеу мүмкін болмайды. Егер уақытша   дертін тоқтатса, біраз уақыттан кейін қайтадан басталады. Ахлақи аурулар да осыған ұқсас. Өйткені оны толқы жою үшін басында оның тамырын табу керек. Егер олай болмаса, адамды әлсіретіп, нәтижесінде адамды өлімге апарады. Имам Бақер (ғ.с.) бұл салада: «Өзінің айналасына жібін көбірек ораған сайын піләсінен шығуы қиындайтын жібеккөбелек сынды,  дүниеқоңыз адам уайым-қайғысынан өледі»,- деген болатын. («Усуль Кафи», 2-ші том). Аллаға тәуекел етпеу дүниеқоңыздықтың ең маңызды себептерінің бірі. Имам Әли (ғ.с.): «Сараңдық, зұлымдық пен дүниеқоңыздық және көптеген артық қалаулар Аллаға тәуекел етпеуден пайда болады»,- деген.  Бұл хадис адамның болмысында иманның негіздері шайқалса, көптеген жағымсыз сипаттар байқалады. Олардың ішінде ең қатерлісі дүниеқоңыздық деген шындықты көрсетеді. Сондықтан дүниеқоңыздыққа қарсы тұрудың бірінші қадамы Аллаға иман келтіру негіздерді нығайту болып табылады. Адам өзінің ауруын дұрыс таныған кезде, оны оңайлау емдейді. Аурудан хабардар болса, оның дәрменіне қажет уақытты да дұрыс пайдалана алады.  Ахлақи ауруда осыған ұқсас. Дүниеқоңыздықты емдейтін ең жақсы дәрмен – қанағатшылық. Имам Бақер (ғ.с.) бұл туралы: «Қанағат етіп, дүниеқоңыздықтың тауын қопар»,- деген. Өйткені қолында бар нәрсеге қанағат ететін адам риза болады. Мұндай адам ғиззаты және абыройымен еш уақытта басқаның қолындағы нәрсеге көзін тікпейді және кейбір нәрселердің тапшылығына уайым-қайғыға батпайды. Имам Әли (ғ.с.) де қанағатты дүниеқоңыздықтың дәрмені деп тауып: «Қасаспен дұшпаннан кек алғандай, дүниеқоңыздықтан қанағаттын арқасында кек алыңдар»,- деп айтқан. Ахлақи аурулардың негізгі дәрмені ойлану болып табылады. Адамдардың көбі ақша мен мақамға жету және тұрмысын салтанатты ету арқылы тыныштыққа жеткілері келеді. Шын мәнінде байлық, мақам және ешбір материалдық істер адамның тыныштығына себеп болмайды, керісінше тынышсыздықтарға әкеледі. Егер адам пайғамбарлар мен әулиелердің алдында ең беделді әрі ең сүйікті  дүниенің аз ғана нәрселеріне қанағат еткендер болғаны туралы ойланса, дүниеқоңыздыққа оралмайды. Адам қолында барына қанағат етіп, өмірін барымен қамтамасыз етіп, тыныштықта өмір сүреді. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Қанағат – тыныштық»,- деп қуаттаған. («Бихар әл-Анвар», 74-ші том). Имам Әли (ғ.с.): «Ешбір қазына қанағаттан артық адамды мұқтажсыз ете алмайды. Дүниені қанағат етіп пайдаланатын адам тыныштыққа жетеді. Дүниеқұмарлық қиындықтардың кілті»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 371-ші хикмет). Дұниеқоңыздықтан ада және қолда барларына риза адамдар тыныштықта өмір сүреді. Өйткені олар қолдарында жоқ нәрсеге ие болуды мәселе қылмайды. Имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша, «ризашылық пен қанағатшылық уайым-қайғыны жояды». Марқұм Фейз Кашани  өзінің ахлақи «Айқын жол» деген кітабінда дүниеқоңыздықты емдейтін бірнеше жолға тоқталды. Олардың бірі күнделікті өмірге қажетті қаржыны дұрыс жұмсау. Алла елшісі: «Өмірлік қаржыларында бірқалыптылық сақтаған адамды Алла мұқтажсыз етеді»,- деген. («Мизан әл-Хикмат», 3-ші том). Айта кететін жәйт, адам Аллаға тәуекел етіп, өмір сүруіне қажет жұмыстармен айналасуы керек. Келешек туралы мөлшерден артық ойлану адамды дүниеқоңыз етеді. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла Тағала мүмін пендесінің ырзығын ол күтпеген жерден жеткізеді»,- деген.