Шіл 06, 2016 16:19 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 28

Исламның ұлық пайғамбарының өмір сүретін кеңістікті жақсарту тәсілдерінің бірі халықтың арасында бір-бірі туралы жақсы ойлау кеңістігін құру болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары бұл салада тек насихатпен шектеліп қалған жоқ, ол мұсылмандардың арасында болашаққа үміт арту және тілектестік сезімдерін де таратты.

Құран Кәрім Исламның ұлық пайғамбарын көркем сипаттармен мадақтап, хазіреттің  қасиетті болмысын әлемдіктер үшін жіберілген рақымдылық деп атайды. Бұл туралы «Әнбия» сүресінің 107-ші аятында: «(Мұхаммед с.ғ.с.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік»,- деп айтылған. Осы аятқа орай исламдық мәтіндерде  Алланың елшісіне қатысты «Наби-ур-рахмат»-«рақым пайғамбары» деген лақап аттың айтылатынын көреміз. Хазірет тек өзі ғана рақымдылық пен мейірімділіктің үлгісі болып қойған жоқ, ол соынмен қатар мұсылмандардың арасында мейірімділік жолын тұрақтандырып, олардың жүректеріндегі бір-біріне деген махаббат пен достықты оятты. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Алла елшісінің осы әдемі тәсілі туралы: «Пайғамбардың Мединеге кірген алғашқы айларында орындаған іс-әрекеттерінің бірі  мұсылмандар арасында бауырластық келісімін орнатуы болды, яғни хазірет мұсылмандарды бір-біріне бауыр етті. «Барлығымыз бір-бірімізге бауырмыз» деп айтудың Ислам дініне қайшылығы жоқ. Яғни, шын мәнінде мұсылмандар бір-біріне бауыр. Бауырлардың бір-біріне борыштар болғаны сынды олар бір-бірінің құқықтарына сай ғамал етулері керек. Пайғамбар осы мәселені іске асырды. Ол мұсылмандарды екі-екіден  бір-біріне бауыр деп атап, таптар мен олардың жанұяларын және Мединенің ақсүйектері мен құрайыштарын бөлмеді. Қара нәсілді құлды танымал адаммен, құлдықтан азат болған адамды Хашим әулетінің перзентімен немесе  құрайыштардың бірімен бауыр етті. Бұл іс-қимылдың  әртүрлі тұрғысы бар. Оның ең маңыздысы мұсылмандардың бір-бірін бауыр сезінулері болды»,- деді. Исламның ұлық пайғамбарының өмір сүретін кеңістікті жақсарту тәсілдерінің бірі халықтың арасында бір-бірі туралы жақсы ойлау   кеңістігін құру болып табылады.  Исламның ұлық пайғамбары  бұл салада  тек насихатпен шектеліп қалған жоқ, ол мұсылмандардың арасында   болашаққа үміт арту және тілектестік сезімдерін де таратты. Аятолла Хаменеидің пікірінше, сол кезде, яғни надан арабтардың арасында ырымшылдық тамыр жайған кезеңде  Алла елшісі мейірімділігімен оларды бір-бірі туралы жақсы ойлап, жүректерін жақындатуға талпынды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Алла елшісінің көркем ғамалдарын еске салып: «Кейбір мұсылмандар пайғамбардың қасына келіп, бір-бірін жамандап, кейде бір-бірі туралы шындық пен өтірік айтатын. Пайғамбар халыққа: «Ешбіреуің маған сахабаларым туралы еш нәрсе айтпаңдар.  Еш уақытта менің қасымда бір-бірінді жамандамаңдар. Мен халықтың немесе сахабаларымның, сондай-ақ мұсылмандардың  арасына барғанда таза жүрекпен, ешбір жаман ойсыз барғым келеді»,- дейтін»,- деді. Діни жетекші Алла елшісінің бұл сөздерін «барлық ұрпақтар мен барлық кезеңдер үшін ахлақ пен адамгершілік сабағы» деп бағалап: «Алла елшісінің мұндай ғамалы мұсылмандарға исламдық қоғамда адамдармен таза ниетпен қарым-қатынас орнату қажет екенін түсінуге көмектеседі. Рауаяттарда, егер билік басында бұзақы басшы болса, әр нәрсе туралы күмән туады, ал егер қоғамның билігі адал адамның қолында болса, жамандық пен күмәндар жойылып, жақсылық тарайды, халық бір-біріне сенім артып, бір-бірін тыңдап, бір-бірінің жамандықтарын көрмей, жақсылықтарын ғана көреді»,- деп қуаттады. Алла елшісінің түзу қоғам құрып, мұсылмандардың арасында тілектестікті тарату тәсілдерінің біріне  жасырын және бос сөздердің алдын алуы жатады. Бұл туралы аятолла Хаменеи: «Мұсылмандардың арасында кейбіреулердің пайғамбардың қасына келіп, құлағының түбінен сыбырлап сөйлейтін әдеті болатын. Сол кезде аят түсіп, халықтың мұндай жасырын сөздеріне тыйым салды. Өйткені олай сөйлеу мұсылмандардың арасында түсінбеушілік пен күдік тудыратын, мұсылмандардың арасындағы қайшылықтарға себеп болатын. Пайғамбардың ескертулері мен салған тыйымдарына қарамастан,  кейбір адамдар бұл қылықтарын қайталап, Алла Тағала бірнеше аятта мұсылмандарды адамдардың арасында күдік-күмән тудыратын әдеттерінен тартынуға шақырды. Алла елшісі сонымен бірге халықты басқаларды айыптаудан абай болуға шақырды. Хазірет әсіресе мұнафықтарға негізсіз айыптаулармен  қоғамда күдік-күмән мен наразылықтар тудыруға рұқсат бермеді. Аятолла Хаменеи Исламның ұлық пайғамбарының бұл ескертулерін өте маңызды ахлақи сипат деп санайды. Ислам революциясының жетекшісі бұған қатысты «Нұр» сүресінің аяттарына сілтеме жасайды. Бір бейкүнә әйелге негізсіз айыптаулар тағылған кезде осы нұрлы аяттар жіберілген. Аятолла Хаменеи сол аяттарға назар аударып: «Құран бұл сүреде (Нұр сүресінде) мұнафық және қара ниетті адамдардың қоғамда таратқан өтірік сөздеріне реакция білдіріп, бірнеше аятта  мұсылмандарға «неге қауесет пен негізсіз айыптауларды естіген кезде оларды айтып тұрған адамға тосқауыл қоймадыңдар? Неліктен  бос сөздерді тоқтатпадыңдар?»- дейді. Осыған орай исламда, егер кімде-кім басқаны айыптаса, бірақ айтқан сөздерін төрт әділ куә адам арқылы дәлелдемесе, айыптаушы адамның өзі жазаланады.  Яғни, сіздерге  негізсіз уәж айтып,  ойлар мен жүректерді алаңдатуға рұқсат берілмейді. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша,  бұл маңызды бұйрық Ислам тарихы мен пайғамбар заманындағы  үлкен оқиға. Өйткені тыйым салу арқылы исламдық қоғамда адамдардың арасында күдік-күмән мен бір-біріне сенімсіздік тудыратын қауесет таратудың тамырына балта шабылды. Ол исламды  қоғамдық дін деп таныстырып, сөзінің жалғасында исламдық қоғамдағы бауырластық туралы: «Алла елшісінің жұмыстарының бірі қоғамның кеңістігін мейірім мен махаббатқа толтырып, адамдардың арасында  бір-біріне махаббат пен ақ ниет орнатуы болды. Бүгінгі біздің міндетіміз дәл осы»,- деді. Басқалардың жаман әрекеттерін кешіру, қоғамда сау кеңістік орнату Алла елшісінің келесі тәсілдерінің бірі болып саналады. Пайғамбар  исламның әсері жайылған кезде және Меккені жеңіп алған соң бұл қаланың халқын кешірді. Ислам революциясының жетекшісі: «Мекке халқы – пайғамбарды өз қаласынан қуып жіберген халық. Пайғамбар 13 жыл бойы Мекке тұрғындарынан азап көрген болатын. Алайда пайғамбар Меккеге кірісімен кешірім жариялап: «Сендердің барлығынды азат етіп, кешірдім»,- деп жариялады. Пайғамбар құрайыштарды кешіріп, кек алуға мүмкіндік қалдырмады. Алла елшісі адамдар бір-біріне бейқам кеңістікті  махаббат, ынтымақтастық және бауырластық орнаған кеңістікке айналдырды.  Аятолла Хаменеи Алла елшісінің бұл ғибратты ғамалына  тоқталып, мұсылмандардың бірлігі мен міндетін сезуін адамзатқа қажетті әрі маңызды мәселе деп санап: «Мұсылмандардың бір-бірімен ісі болмай, әр адамның тек өзін ойлауы исламда қабылданбайды. Мұсылмандар бір-біріне жандары ашып, ынтымақтастық пен тілеулестік білдіреді. Пайғамбар өз қоғамында  мұсылмандарға бір-бірінен кек алуға рұқсат еткен жоқ. Пайғамбар өзінің ақылымен мейірімділік пен махаббат жайлаған сау қоғам құрды.

Тегтер