Ақп 21, 2016 18:28 Asia/Almaty

Ислам – соңғы илаһи дін. Ол адамзатқа хикмет пен білімге толы тағылым ұсынды.

Білім – адамға дұрыс жолды көрсететін нұр және құлшылықтың бағына қарай жол нұсқап, Аллаға жақындататын самал жел. Құран Кәрім мен Алла елшісі және хазіреттің пәк әулетінің тағылымдарын іске асыру білімнің сарқыраған бұлағына жетіп, жүректі бұл илаһи бұлақтың суымен жуып, кез-келген күнә мен жамандықтан тазартуға мүмкіндік беретін кемел қор болып саналады. Пәк әрі нұрлы жүрек құнарлы жер сынды илаһи  білімді жылдам меңгеріп, өсіріп, піскен жеміс сынды адамгершілік пен рухани байлықтарды ұсынады. Хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) адамгершілік пен рухани байлықтар надандықтың аяғының астында  жойылатын жағдайда өзінің пайғамбарлық міндетіне кірісіп, жақсы мінез-құлқымен ақиқат пен білімді сусаған адамдардың алдынан ашты.  Құран, Алла елшісі мен хазіреттің сөздеріндегі илаһи білім мен ақиқат ешбір басқа діни мәтіндерден табылдмайды. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі бұл туралы: «Ұлы Алланың бізге берген ең үлкен, ең әсерлі әрі ең құнды аманаты илаһи білім  мен илаһи ақиқат болып табылады»,- деді. Көптеген білім мен ғылым үйрететін көздердің арасында Құран Кәрім  исламдық әрі илаһи терең  ғылымдар мен тағылымдардың негізгі қайнары саналады. Сол себепті бұл мөлдір әрі сарқылмас бұлақтан пайдалану адамның жүрегі мен рухын құндылықтарға толтырады. Аятолла Хаменеи Құран Кәрімнің әсері туралы: «Құранға жақын болуымыз бізді оның тағылымдарымен көбірек таныстырады. Құран – хикмет кітабі, ілім мен өмірдің кітабі. Үмбеттер мен халықтар Құранның тағылымдарымен танысып, соған сай ғамал етумен өмір сүреді. Құран бізді материалдық әрі рухани тұрғылардан байытады»,- деген болатын.  Әрине Құранның тағылымдарын түсінудің әртүрлі сатылары бар. Ислам революциясының жетекшісінің айтуынша, «Құранның тағылымдарын Құранның өзін немесе оның аудармасын оқу арқылы түсінуге болады. Яғни, біз «Құранның тағылымдары» деп айтқанымызда әр адам түсіне алмайтын оның құпияға толы терең мағынасы емес, керісінше қарапайым халық түсініп, пайдалана алатын мағынасына назар аудартамыз. Көптеген аяттарда Құранның сыртқы және ішкі мағынасы, сонымен бірге сыры мен құпиясы, терең мағынасы бар екендігі туралы айтылған. Яғни, Құранды теңізбен салыстыруға болады. Теңіз сырт көзге тек су болып көрінгенімен, ол терең. Ал тереңдікте бізге көрінбейтін ақиқат пен әртүрлі нәрселер бар. Адамның ықыласы болса оның сыртқы көрінісі мен тереңдігінен бірдей пайдалана алады».  Алла Тағала әр адамның болмысында білім меңгеру қабілетін жаратты. Илаһи тағылымдар  балықшылардың еңбектерінің арқасында қолға түсетін жарқыраған інжу-маржан сынды. Тақуа адамдар  Құран аяттары мен Исламның ұлық пайғамбарының пәк әулеті туралы ойланып, бұл мұхиттан білімнің гауһар тастарын көбірек жинауға талпынады. Ғұлама Табатабаи, имам Хомейни, Мирза Джавадаға Малеки Табризи және соларға ұқсас басқа тұлғалар сынды ұлы адамдар исламдық тағылымдарды меңгеріп, сол туралы ойланып, соларға сай ғамал етіп өмір сүріп, илаһи ақиқатқа  жетіп, өмірлерін жақсы пайдаланған. Илаһи тағылымдарды меңгеретін маңызды көздердің бірі – дұғалар. Аятолла Хаменеи дұғалардағы сыры ашылмаған білім туралы: «Дұғалардың берекелерінің біріне олардың пәк имамдардан жетуі жатады. Олар илаһи хикметтерге толы.  Егер кімде-кім оларды оқып, түсінсе, шын жүрегімен Алламен байланыс орнатуымен бірге дұғалардан Оның білімінің бір бөлігін меңгереді»,- деп айтқан болатын. Біздерге Алла елшісі мен хазіреттің пәк әулетінен жеткен дұғалар адамды Жаратушысына жақындатуымен бірге үлкен сабақ береді. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Пәк имадардан жеткен дұғаларда Ислам дінінің сарқылмас тағылымдарының үлкен дәрістері бар. Егер «Сахифе Саджадиені» оқысаңыздар оның әр дұғасының  исламдық тағылымдар мен Құранның дәрісі екенін байқайсыздар... «Сахифе Саджадиненің» дұғалары Әбу Хамзе Самали дұғасы, «Эфтетах» дұғасы немесе рамазан айының дұғалары, жұма күнінің, сондай-ақ басқа уақыттардың дұғалары мен пәк имамдардан жеткен дұғалар сынды исламдық негіздердің, соның ішінде тауһид, набоват, құқық, қоғамның жағдайы, ахлақ, үкімет, басқаша айтқанда Исламның көзқарасы тұрғысынан адамға қажетті барлық мәселені баяндайды» деді. Білімнің құнды көздерінің бірі Алланың елшісі мен хазіреттің пәк әулетінің дана сұхбаттары саналады. Аятолла Хаменеи: «Адамзаттың білімі мен өркениеті және жақсы мінез-құлқы жақсы әдеттерді тәрбиелейді. Діндердің жақтастары арасында сырт көзге бір-бірімен байланыс болмағанымен олардың барлығы діндер мен ортақ илаһи тағылымдардан бастау алады»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша Кербала оқиғасы мен имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің адамдардың  илаһи білімінің өрістеуіне әсер еткеніне назар аудармауға болмайды. Кербаланың шәһидтері  өз имамы мен хақ жолы туралы терең білімге ие болып,   Ислам дінін жаңғырту жолында жандарын қиды.  Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінде Ашура оқиғасының кейбір тағылымдары мен сабақтарына тоқталып: «Кербала шәһидтерінің құндылығы олардың тіпті ойға келмейтін ауыр жағдайда хақты қорғауларына қатысты. Хазірет Аббастың ерекшелігіне джиһад, жанкештілік, және өз заманының имамының мақсаттарынан хабардар болуы жатады. Оның табандылығы мен сабырлығы және шыдамдылығы ерекше  байқалады. Адам соғыс майданына шыққанда майданда оның сәбиі, әйелі мен анасы   қауіп-қатерге кезіксе де аянып қалмайды. Имам Хусейн (ғ.с.), хазірет Аббас, Хабиб бен Мазахер және Кербаланың басқа шәһидтерінің құндылығы дәл осы жерде»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеидің қуаттауы бойынша діни тағылымдар, әсіресе Исламның ұлық пайғамбары пәк әулетінің тағылымдарын уақыттың қажеттілігіне сай мұсылмандар мен исламдық емес қоғамдардың ықтиярына тапсыру қажет. Білім меңгерудің маңыздылығы оның адамның өміріндегі ғамалдарын бақылауға алып, шаһуатқа тәуелді болмауға шақырып, еш нәрсені заңсыз тартып алмай, қоғамның адамдарын менмендіктен алыстатады. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі бұл туралы маңызды мәселеге тоқталып: «Сіздер адамзаттың қиындықтарына назар аударыңыздар. Кедейшілік, кемсітушілік, бұзақылықтар, надандық мен ырымшылдық қайдан шығады? Қырып-жоюшылық пен соғыстар мен зорлық-зомбылық және зұлымдыққа не себеп болады? Мұның барлығының тамырын өз нәпсілеріне бағынған, шаһуатының құрығына түскен, менмендік, мүлік пен мансап талап етуші адамдардан іздеу керек. Аталмыш адамдар  дүниенің бір жерінде адамзаттың тағдырын билеген кезде халықты кедейшілік, соғыс, надандық, кемсітушілік, бұзақылық пен бүліктерге тірейді. Ислам мұның барлығын  жойғысы келеді. Исламның айтуы бойынша, заман – адамзаттың жігері, шешімі және ықтияры. Надандық, дүниеқұмарлық, менмендік арқылы еш мәселе шешілмейді. Ол үшін ақыл мен тақуалық қажет»,- деп айтқан болатын.

Тегтер