Ақп 21, 2016 19:17 Asia/Almaty

Адамзатты құтқаратын Ислам дінінің негіздері бойынша таухид, яғни Бір Аллаға құлшылық ету Исламның ең маңызды негізі.

 Адам «Алладан басқа Құдай жоқ және Мұхаммад – Алланың елшісі» деп шаһадатайн айтып, Ислам дінін қабылдап, мұсылман болады. Құран Кәрімде дана Лұқманның перзентіне айтқан ақыл-кеңесінде: «Әй, ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық»,- деп айтқан. («Лұқман» сүресі, 13-ші аят). Барлық ішкі жаратылыстар Алланы іздеп, әр адам өзінің ішкі болмысында Жаратушы туралы ойлайды. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша барлық илаһи пайғамбарлар халықты жалған «құдайларға» табынбай,  Дана әрі Ұлы Аллаға құлшылық етуге шақыру үшін келген. Иран Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Таухид – құлшылық ойлары пайғамбарлардың сабағы. Пайғамбарлар өмірді адамдар үшін дайындап, оны даму мен кемелдікке жету алаңына айналдырған»,- деген болатын.

Таухид – маңызды мәселе. Ұлы тұлғалар тарих бойында  ол туралы баяндап, оның маңыздылығына тоқталған.  Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи таухид туралы өзінің жүрекке қонымды сұхбатында: «Таухид, яғни галактикалар мен планеталардан, аспан денелері мен миллиондаған күн жүйелерінен бастап, бір заттың құрылымындағы кішкентай жасушадан құрылған күрделі әрі таңырқататын, сонымен бірге жаратылған әлемнің тәртібі мен негіздері туралы ойланып, мұның барлығының өз-өзінен пайда болмағанына, керісінше Бір құдыретке бағынатындығына сенім арту болып табылады»,- деген. Келесі мәселе, бұл күрделі жүйені адамның қолымен жасалған пұттар немесе «құдаймын» деп уәж айтатын адам  жасаған жоқ және аңыз емес. Бұл діндерде «Құдай» деп аталған шексіз күш-құдыреттің жаратылысы.   «Ол сондай Алла, Одан баска ешбір Құдай жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк»,- деп айтылған. («Хашр», 23-ші аят).  Бұл жерде Ислам бізге өте маңызды мәселені еске салады. Ислам діні: «Бір Аллаға құлшылық ету тек Әлем Жаратушының Жалғыз болуын  мойындау ғана емес, Алладан басқа әр басқа «құдайды» қабылдамау болып табылады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Таухид – Аллаға иман келтіру және пұттар, тастар мен ағаштардан жасалған «құдайларды» және өздерін «құдай» деп уәж ай айтатын адамдарды теріске шығару. Таухид – адамның Алладан басқа ешкімге ғибадат етпеу және Алладан басқа ешкімнің алдында сәжде жасамау»,- деп айтқан болатын. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, таухид өзінің терең, Құранға сай түсініктерімен Аллаға назар аударып, Оған қарай жақындап, пұттар мен шайтандық құдыреттерді қабылдамау деген сөз. Аятолла Хаменеи ең үлкен қатерді шайтандық күш, яғни адамның нәпсісі деп атап: «Ең қатерлі күш адамның ішкі болмысында орналасқан. Ол адамның нәпсісі, адастыратын ойлар. Қоғам мен әлем деңгейінде осы кезде  мұсылмандардың өмірінде соғыстарды бастаған және шайтандық әдістерімен  мұсылман халықтардың тәні мен рухын өз саясаттарына бағындырған отаршыл және бүлік пен бұзақылық тудыратын күштер саналады»,- деді. Таухид тұрғысынан оған көңіл аудару қажет келесі мәселе жеке адамның өмір сүру тәсілі мен көзқарастарына әсер етеді. Таухид тек ойдағы мәселе емес, таухид шынайы мәселе және өмірдің тәсілі. Аятолла Хаменеи таухидті жеке адам мен қоғамның илаһи құндылықтарының билігін қабылдау, сонымен бірге тағұт, үстем және шіріген үкіметтердің билігін  қабылдамау деп санайды. Таухид мәселесінен кейін әділет  Ислам дінінің келесі маңызды негіздерінің бірі саналады. Илаһи әділет бойынша жаратылған жүйе мен Алланың белсенділігі    әділет негіздеріне сүйенеді  және ешбір адамға зұлымдық жасалмайды. Аятолла Хаменеи әділет туралы: «Әділет барлық жерді теңестіру емес. Әділет, яғни әр нәрсенің өз орнында болуы. Әділет, яғни хақ пен ғамалына қарай әр адамның хақын өзіне беру»,-деді. Аятолла Хаменеи аяттар мен исламдық хадистер бойынша маңызды мәселеге тоқталып, илаһи әділет түсінігін айқындайды. Хазірет: «Аспандар мен жер әділет негіздері бойынша жаратылған»,- деді. Әділет әлем мен жаратылыс негіздерінде маңызды рөл атқарады. Яғни, жаратылыстың сүннеті әділетке сүйенеді. Әр қоғамдық жүйе егер осы табиғи сүннеті мен илаһи заңдарға сай әрекет етсе, мәңгілікке қалып, табысқа жетеді. Адам өмірін илаһи сүннеттер және  жаратылыс заңдарымен сәйкестендіруі керек. Сол себепті илаһи көзқарастар бойынша жаратылған әлемде әділет терең тамыр жайған. «Хадид» сүресінің 25-ші аятынан: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік»,- деп оқимыз. Аятолла Хаменеи  бұл аятқа тоқталып, пайғамбарлар беғсатының мақсатын ең бірінші әділетті таныстыру деп атады. Әділет орнату қорытынды мақсат емес, мақсатқа жету жолындағы мәселелердің бірі. Пайғамбарлардың бірінші жұмыстары әділет орнату және халықты тағұт пен зұлымдықтан құтқару. Имам Мәһди (ғ.с.) үкіметінің мақсаты ақыр заманда әділет орнату болып табылады. Барлық илаһи діндер халықты  Бір Аллаға құлшылық ету мен әділет орнатуға шақырады. Бірақ Батыстың идеологиясы әділетті барлық адамдарды бір-бірімен теңестіру   деп көрсетуге талпынып, бұл салада көптеген негізсіз сөздерді баяндады. Аятолла Хаменеи Құранға сүйеніп, әділетті илаһи пайғамбарлардың  негізгі мақсаты деп атап, діндер арасындағы айырмашылықтарға тоқталды.  Аятолланың пікірі бойынша, бірінші айырмашылық, әділет – діндердің қоғамдық мақсаты және адамзат осыған сүйеніп қадам басты. Адамзаттың ешбір басқа мектебінде әділетке мұндай назар аударылмаған. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша илаһи діндердің арасындағы екінші айырмашылық пайғамбарлардың әділетті қалыптастыру үшін іс жүзінде тағұттар мен залымдарға қарсы күресіп, залымдар мен жәбір көргендер арасында әрқашан жәбірленгендерді жақтап, алайда аналитиктер әділет туралы тек сөзбен  шектеледі деген мәселеге қатысты деп санайды.  Аятолла Хаменеи соңында барлық илаһи діндердің сенімдері адамзат тарихымен аяқталады деп, әділетті илаһи діндердің үшінші айырмашылығы деп атап: «Илаһи діндер жаратылыстың және адамзаттың басында орналасып, халықтардың  тарихи жолы мен соңы, яғни ақыретті анықтап, әрқашан әділетті қуаттайды»,- деді. Илаһи діндер арасында Ислам діні әділетке көбірек назар аударады. Аятолла Хаменеи Исламдағы әделеттің маңыздылығына тоқталып: «Исламның екі құралы бар. Ол екі құралының көмегімен барлық діндерді жеңе алады, барлық жүректерді қызықтырып, барлық бос сөздерді сәтсіздікке ұшырата алады. Бұл екі құрал не? Біріншісі, Исламда қалыптасқан мықты қисын мен дәлел; екіншісі шынайы әділет. Бұл екеуі Исламның дамуының құралдары»,- деді.

Тегтер