Ұлы тұлғаның алдында 1
Материалдық өмір адамды тек бір өзімен шектейтіндіктен оның рухы мен психикасы шаршайды. Егер адам рухани және діни мықты негіздердің біріне сүйенбесе адасып, үмітсіздікке салынады.
Илаһи пайғамбарлар жаратылған шексіз дүниеде адамды уәһи әлеммен таныстырып, адамзатқа діни құнды тағылымдарды ұсынып, дүниелік өмірдің қиылысына түскен кезде адамды дұрыс жолға нұсқау үшін келді. Ислам – соңғы қасиетті дін. Ол адамдарды құтқарып, бақытқа жеткізетін, сондай-ақ, уәһи әлеммен таныстыратын тағылымдарға ие. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк ислам дінінің тағылымдары адамзатты рухани және ахлақтық кемелдікке жеткізетін көпір. Ислам діні мен оның тағылымдарын жақсырақ түсіну үшін Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеидің сөздеріне шолу жасаймыз. «Ұлы тұлғаның алдында» атты бағдарламалар топтамасында сіздерді тақуа ғалым, мәдениет, наным-сенім және қоғам салаларындағы дінтанушының көқарастарымен таныстырамыз. Аятолла Хаменеи «Материалдық және машиналық өмір адамдардың көбін шаршатты. Ислам мектебі олардың алдынан сарқыраған бұлақ ашып, адамдарға ішкі әлемді көрсете алады» деп санайды. Ислам қауіпсіздік, әділет және бақыттың хабарын жеткізуші. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк исламы тарихтың барлық кезеңдерінде жүректерді қызықтырып, мақұрымдарды оятты. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, егер хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк исламының бейнесі дұрыс көрсетілетін болса Ислам діні бүгін де бұрынғыдай емге шипа болатын нұсқа және құтқаратын періште болады. Бүгін осыдан 1400 жыл бұрынғыдай: «Алланың тарапынан естіледі. Алла Тағала нұр мен кітап сендерге қарай жібереді. Алла Тағала Оның ризалығы үшін талпынатын адамдарды дұрыс жолға нұсқайды және қараңғылықтан жарыққа қарай шығарып, оларды дұрыс жолға түсіреді»,- дауыс естіледі. («Мәиде», 15-16-шы аяттар). Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өзінің терең көзқарасымен өмірдегі Исламның рөлін анықтап: «Ислам өмір мен жаратылысқа мағына беріп, дұрыс жолды көрсету арқылы адамға шынайы бақытты өмір сүруге көмектесіп, илаһи тура жолды таныстырады»,- деді. Бұл илаһи дін өзінің толық тағылымдарымен пәк әрі Аллаға жақындағысы келетін ішкі болмыстарды өзіне қарай тартады. Әлем деңгейіндегі, әсіресе Батыс мемлекеттеріндегі мәліметтер мен орын алған зерттеулер бойынша Исламға бет бұратындардың саны күннен күнге артуда. Бұл үдеріс жастар арасында көбірек байқалып, Ислам дінінің әсерлі дін екендігін көрсетеді. Ислам діні басқа илаһи діндер сынды таухид пен тек Бір Аллаға құлшылық ету негіздеріне сүйенеді. Тауһидтен басқа ислам дінінің негіздеріне набоват, қиямет, имамат пен илаһи әділет кіреді. Діннің негіздері діннің ғимараты оның үстінде көтерілген іргетас саналады. Мұсылман біріншіден, діннің негіздеріне иман келтіруі керек. Содан соң негіздерден шыққан міндеттерге табанды болады. Ол міндеттердің қатарын намаз, ораза, хомс, зекет, қжылық, джиһад, жақсылыққа үндеп, жамандықтан жирендіру, таваллу (Алланың достарымен дос болу) және табарру (Алланың дұшпандарымен дұшпан болу) сынды тоғыз міндет кіреді. Осы салада Ислам революциясының жетекшісі исламдық тағылымдар мен заңдарды адамды бақытқа жеткізуші деп атап, исламның барлық ахкамы мен заңдары мен саяси, қоғамдық және экономикалық салалардағы барлық исламдық әдістерді, сондай-ақ, Исламның жеке адам мен жамағат үшін ұсынған барлық ғибадаттары мен заңдарын бақытты өмірге жеткізетін нұсқа деп таныстырды. Ислам өзінің толық тағылымдарымен адамзатты материалдық және рухани кемелдікке жеткізгісі келеді. Бұл илаһи дін кемелдікке жететін жол ретінде уәжіптерді орындап, күнә жасамай, Қүран мен пайғамбар сүннетіне сүйенетін жолды атайды. Исламның тағылымдарына сүйеніп өмір сүру зұлымдық пен зорлық-зомбылықтан құтылтып, руханият пен жоғары ахлаққа жеткізеді. Иран Ислам революциясының жетекшісі Ислам дінін исламдық үмбеттің қоры деп таныстырып: «Исламдық үмбеттің үлкен қоры Ислам діні мен оның тағылымдары. Бұл діннің заңдары адам өмірінің заңдары саналады. Ислам әлем мен адам туралы терең ойларды ұсынып, таухид пен ахлаққа сүйеніп, заңдар, саяси-қоғамдық жүйелер мен ғибадат және жеке міндеттерді ұсынып, барша халықты жамандықтар мен ластықтардан өз болмысын тазартып, иман, ықлас, достық, махаббат және үмітке шақырып, сонымен бірге өз дүниесін кедейлік пен надандық, кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтан құтылуға жігерлендіреді»,- деді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша Ислам діні пайда болған кезден бастап, осы уақытта да адамды бақытты өмірге жеткізетін жолды ашты. Теңдік, ақыл пен Хаққа бағынатын бұл дін адамдардың қиыншылықтарын артық талап етуден алыстап, ақылға сай әдістер арқылы шешуге болады деп санайды. Ислам адамды Алланы еске алып, Онымен қарым-қатынас орнатуға шақырады. Бұл илаһи дін адамдардан жамандық, шапқыншылық, зұлымдық және бұзақылықпен күресіп, менмендік пен тәкаппарлыққа да үзбей қарсы тұруды талап етті. Исламның адамның жеке және қоғамдық өмірлері үшін ұсынған заңдары мен бағдарламалары аталмыш негіздерге сүйенеді. Осы кезде материалдық мектептерді қолдайтын адамзаттың әртүрлі қоғамдары рухани дағдарыс пен қоғамдық және жеке бас мәселелермен бетпе-бет келді. Алайда Ислам революциясының қазіргі жетекшісі қазіргі заманда, кейбір идеологиялық мектептер сәтсіздікке ұшыраған кезде адамдардың көбісінің Исламға бет бұрып жатқанына тоқталып: «Бүгін илаһи емес, материалдық, соның ішінде марксизм мен либерализмнің шақыруы адамзатты бақытты өмірмен қамтамасыз ете алмайтындығын көрсеткен соң адамдардың көбісі Исламға назар аударатын болды. Ислам мен оның құнды тағылымдарына назар аудару тек кедейлік пен қиыншылықтардың отына түскен халықтар үшін ғана емес, бай әрі дамыған мемлекеттерде өмір сүретін рухани кедейшілікке тап болған халықтар үшін де маңызды»,- деп баса айтты. Тарих хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Ислам дінін тамырымен жойып, өзгерткісі келетін көптеген дұшпандарының бар екенін көрсетті. Олар Құран мен Исламның ұлық пайғамбары әулетінің хабарларын өздерінің артық талап етушіліктері, зорлық-зомбылықтары мен билікқұмарлықтарына қарсы бөгет деп санайды. Сол себепті бұл илаһи діннің жақтастарының арасына ірікті салып, оларды әлсіретуді мақсат етуде. Аятолла Хаменеи мұсылмандарға дұшпанның қастандықтарының алдында қырағы болуды насихаттап: «Дұшпандар ғасырлар бойы және надан достар одан ұзақ уақыт бойы Исламның нұрлы жүзін жаман және ақиқаттан бұрып көрсетуге бар күштерін салды. Бүгін де пайдақорлар мен көздерін шел басқандар исламның атымен қылмыстарын іске асыруда. Дұшпандар өз үгіттерінде барлық жолдарды пайдалануда. Бірақ әлем мұсылмандары бұл үлкен қорды дұрыс түсініп, оның қадірін біліп, өз өмірлерін өзгертіп, исламдық елдерді осы кезде бастарына түсіп отырған осалдық пен тәуелділіктен және артта қалудан құтқарады»,- деп баса айтты.