Там 12, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 36

Алланың елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның ардақты қызы және жаратылған әлемнің ең жақсы әйелі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды Иран Ислам революциясының жетекшісінің көзқарасы тұрғысынан таныстырамыз. Аятолла Хаменеи бұл бану туралы: «Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның өмірі еңбек пен талпынысқа және рухани кемелдікке толы өмір болды»,- деді.

Рауаяттардың көбінде хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның өмірінің қысқа болғаны туралы айтылған. Бұл ардақты бану 18-24 жыл өмір сүрді деп көрсетілген. Фатима-Заһраның өмірі қысқа болғанымен өте құнды болғандықтан оның әр сәтін үлгі ретінде алуға  болады. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның өміріне шолу жасау арқылы маңызды сабақ алатын тұстарды көреміз. Имам Әли (ғ.с.)-мен тұрмыс құрмастан бұрын және тұрмыс құрған кездегі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның өмірі барша үшін өнеге саналады. Аятолла Хаменеи хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның жанұя құрмай тұрып, әкесі Алла елшісінің қасында өмір сүрген кезіне тоқталып, Абитолеп шатқалында қиын күндерді өткізгенін еске салады. Сол кезде Абулаһаб пен Абуджаһл сынды тағұттың басшылары Исламның ұлық пайғамбары мен сахабаларын Мединеден шығарып жіберген болатын. Алла елшісінң сахабалары пайғамбар, Абиталеп, хазірет Хадиджа және хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-мен бірге үш жыл бойы Меккенің сыртында таудың жарығында жан-жақты қысым көріп, ауыр жағдайда өмір сүрді. Пайғамбарға басқаларға қарағанда ауыр тиді. Өйткені ол басшы болғандықтан басқалардың өмірлеріне де жауапты  болды. Сол жылдары Абиталеп пен хазірет Хадиджа дүниеден озды. Екі жақын адамынан айырылуына байланысты Исламның ұлық пайғамбарының жүзінен уайым мен қайғы айқын байқалды. Пайғамбардың өмірінің мұндай ауыр кезеңінде хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның махаббат пен сейірімге толы ғамалдары хазіреттің жүрегін жылытып, көңіл-күйін көтеретін.  Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл туралы. «Абиталеп шатқалы оқиғасы кезінде хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) алты-жеті жастағы қыз бала еді. Абиталеп шатқалы Исламның бас кезіндегі тарихының ең ауыр кезеңі саналады. Меккеде күндіз ауа қатты ыстық, түнде өте суық болды. Олар үш жыл бойы далада өмір сүрді. Қаншама аш болып, қаншама ауыртпалықтармен кезіккендерін тек бір Алла біледі. Пайғамбардың өмірінің ең қиын кезеңдерінің бірі осы жерде өтті. Сондай ауыр жағдайдағы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның рөліне назар аударайық.  Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) пайғамбар үшін, ана, кеңесші, күтуші сынды болды. Осындай қамқорлығына байланысты алты-жеті жастағы қыз бала болғанына қарамастан хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды «әкесінің анасы» деп атаған. Бұл үлгі бола алмай ма? Ол хазірет болмысындағы шаттықтың үлкен қорын шамамен 50 жастағы әкесінің уайым-қайғысын кетіруге жұмсады. Бұл – өнеге»,- деді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның дәрежесінің жоғары болғаны сондай, ол есіктен кірген сайын пайғамбар орнынан тұрып, оған қарай жүріп, сүйіп: «Фатимадан жәннәттің хош иісін сеземін»,- дейтін. Әкесі мен қызының қарым-қатынастарының мейірімді болғаны сондай қасындағылар таңғалатын. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) хазірет Әли (ғ.с.)-мен тұрмыс құрған соң өмірлік серік болу, үй ішіндегі жұмыстарды атқару мен бала тәрбиелеу, қоғамдық қарым-қатынас орнату тұрғылары бойынша да өнеге болды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Кейде адам күйеуге шыққаннан кейінгі күнделікті жұмысын тамақ пісіру, үйді жинау және осыған ұқсас жұмыстар деп санайды. Бірақ тұрмыс құрғаннан кейінгі жұмыс бұл ғана емес.  Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның  тұрмыс құрған кездегі өміріне көңіл бөлейік. Исламның ұлық пайғамбары Мединеде болған 10 жылдың ішінде хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен хазірет Әли (ғ.с.) тоғыз жыл жұбайлық ғұмыр кешті. Сол тоғыз жылда ірілі-ұсқаты соғыстар орын алды. Шамамен 60 соғыс орын алып, олардың көбіне имам Әли (ғ.с.) қатысты. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) үйде қалып, жұбайы соғысқа қатысатын. Өйткені имам қатыспаса, соғыс нәтижеге жетпейтін еді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) пайғамбардың қызы болғанымен олар кедейлер сияқты өмір сүрді. Яғни, жұбайының жүрегін әйел-балалары және күнделікті тұрмыстың қиындықтарынан босату үшін адамның рухы қандай күшті екенін көреміз. Ол жұбайына көмектесіп, балаларын жақсы тәрбиеледі. Сендер имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) имам болып, имаматты өз мойнына алатын адамдар деп айтарсыздар, хазірет Зейнап  имам болмады. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) балаларын осы тоғыз жылда тәрбиеледі Ол үйге, жұбайына және балаларына да қарады. Бұл жас қыз, жас әйел үшін үлгі емес пе? Бұл өте маңызды»,- деді. Бұл ардақты бану өз қоғамымен тығыз қарым-қатынас орнатқан болатын. Мұсылмандар кедейлікте өмір сүрген кезде оларға көмектесу хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның көркем ғамалдарының бірі болды. Алла елшісінің қызы өзі кедейлікте өмір сүргенімен, еш уақытта кедейлер мен мұқтаждардың қолын бос қайтармайтын. Тіпті өзі аш қалса да кедейлер мен мақұрымдарға көмектесу Исламның ұлық пайғамбарының ардақты қызының адамзатқа берген үлкен сабағы болды. Рауаяттардың бірінде  хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.), имам Әли (ғ.с.) екі баласы имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хосейн (ғ.с.)-мен бірге үш күн ораза ұстаймыз деп назыр етеді. Олар ораза тұтқан үш күннің әр кешінде ауызашарға дайындаған азғантай тамағын үйлерінің есігін қаққан кедейлерге береді. Сол кезде Алла елшісіне аяттар жіберіліп, олардың мұндай жанкештілігі мадақталды. «Инсан» сүресінің 8-11-ші аяттарынан: «Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді. Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз.” “Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз.” (дейді). Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді»,- деп оқимыз.  Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды жақсы көрмеуге болмайды. Ол аш адамдар үшін өзі мен өзінің ең жақын адамдары – перзенттері мен олардың әкесінің тамағын кедейлерге берді. Бір күн, екі күн емес, үш күн. Біз өзімізді бұл тұлғанының жақтасымыз санаймыз. Өмірдің қиындықтарына қарамастан хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мұсылмандар мен қарапайым халықты жинайтын орталық болды. Исламның ұлық пайғамбарының қызы өмірдің ауыр жағдайларына қарамастан беделімен алға ілгеріп, Хасан, Хусейн және Зейнап сынды перзенттерін тәрбиелеп, имам Әли сынды жұбайына қарап, пайғамбар сынды әкесінің ризалығына ие болды»- деп қуаттады.